О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 января 2000 года N 6
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 января 2000 года N 6
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 143
- Қабылданған күні
- 06.12.2001
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2009 AI10816_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V010001695_
- ЭКБ идентификаторы
- 10816
- Редакция идентификаторы
- AI10816_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:27
0 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009.06.17 N 72 бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Тіркеу қызметі комитетiнiң жылжымайтын мүлiк жөнiндегi Орталықтары" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының ақпараттық қызмет көрсету қызметiн тәртiпке келтiру және жетiлдiру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2000 жылғы 29 қаңтардағы "Ақпараттық қызмет көрсету Ережесiн бекiту туралы" N 6 бұйрығына келесi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң жылжымайтын мүлiк жөнiндегi Орталықтарының ақпараттық қызмет көрсету Ережесi:
мына мазмұндағы 15-1 тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Ақпараттық анықтамалардың түрлерi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетiмен бекiтiледi.";
16 тармақта:
мына мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) жылжымайтын мүлiктiң қаржы лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамалар";
мынадай мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамаларда жылжымайтын мүлiк объектiсiне қатысты құқықтар, шектеулердiң (шек қою) бары немесе жоғы туралы мәлiметтер болмау керек";
20 тармақта:
"ақпараттық қызметтердiң" деген сөздерден кейiн ", жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамалардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен "Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамалардағы мәлiметтер 15 күнге дейiн берiлген сәтiнен жарамды болып табылады" деген сөздермен толықтырылсын.