Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 июня 2001 года № 645

Жарлық · № 1141 · қабылданған 26.01.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2001-no-645-ekb-57116/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 июня 2001 года № 645 Қолданыста Жарлық ·№ 1141 ·26.01.2011
05.05.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 июня 2001 года № 645

Қолданыста Жарлық ·№ 1141 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 июня 2001 года № 645
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1141
Қабылданған күні
26.01.2011
Көрсетілген редакция
05.05.2018 57116_341778.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1100001141
ЭКБ идентификаторы
57116
Редакция идентификаторы
57116_341778
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:15

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаулы етемін:

1

1. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат; 2005 ж., № 11, 100-құжат; 2007 ж., № 4, 50-құжат; № 22, 245-құжат; 2008 ж., № 29, 281-құжат; № 46, 523-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы «2015» деген цифрлар «2027» деген цифрлармен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«АЭА аумағының құрамына алаңы 598,1 гектар Индустриялық парк кіреді.»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1. АЭА аумағындағы негізгі өндірістік қызмет түрлері:
1) өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру;
2) машиналар мен жабдықтар жасау;
3) тұрмыстық электр аспаптарын шығару;
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару;
5) химия өнеркәсібі;
6) металлургия өнеркәсібі;
7) электр жабдығын, оның ішінде электрмен жарықтандыру жабдығын шығару;
8) жарықтандыру аспаптарына арналған шыны құрамдастарын шығару;
9) тамақ өнімдерін өндіру;
10) сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз және картон шығару;
11) жиһаз шығару;
12) автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару;
13) теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам шығару;
14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын шығару;
15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар шығару болып табылады.»;
Мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Осы Ереженің 2-1-тармағының 14) тармақшасында көрсетілген, АЭА-ның барлық аумағы шегінде жүзеге асырылуы мүмкін қызмет түрін қоспағанда, осы Ереженің 2-1-тармағында көрсетілген қызмет түрлері Индустриялық парк шегінде ғана жүзеге асырылады.»;
9-тармақта:
«Қазақстан Республикасының кедендік аумағының» деген сөздер «кеден одағы аумағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кедендік режимі» деген сөздер «кедендік рәсімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«аумағы» деген сөзден кейін «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
9-1 және 9-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1. Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыру мақсатында еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағында орналастыруға және қолдануға арналған тауарлар орналастырылады.
9-2. АЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес операцияларды жасауға рұқсат етіледі.»;
10-тармақта:
«ресімдеу» деген сөз «декларациялау» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бақылау» деген сөзден кейін «кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақтың үшінші абцазындағы «өзге кедендік режимде» деген сөздер «өзге кедендік рәсіммен» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 26 қаңтардағы
№ 1141 Жарлығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 29 маусымдағы
№ 645 Жарлығымен бекітілген
«Астана – жаңа қала» арнайы
экономикалық аймағы туралы
ережеге қосымша
«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
«Астана – жаңа қала» АЭА аумағы S=5900,9 га

Қолданыстағы