Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 29 июня 2001 года № 645 "О создании специальной экономической зоны "Астана - новый город"

Жарлық · № 681 · қабылданған 31.10.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2001-no-645/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 29 июня 2001 года № 645 "О создании специальной экономической зоны "Астана - новый город" Күшін жойған Жарлық ·№ 681 ·31.10.2013
05.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 29 июня 2001 года № 645 "О создании специальной экономической зоны "Астана - новый город"

Күшін жойған Жарлық ·№ 681 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 29 июня 2001 года № 645 "О создании специальной экономической зоны "Астана - новый город"
Атауы (қаз.)
"Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
681
Қабылданған күні
31.10.2013
Көрсетілген редакция
05.05.2018 75018_341812.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1300000681
ЭКБ идентификаторы
75018
Редакция идентификаторы
75018_341812
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:00

0 "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1

1. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат; 2005 ж., № 11, 100-құжат; 2007 ж., № 4, 50-құжат; № 22, 245-құжат; 2008 ж., № 29, 281-құжат; № 46, 523-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат; 2011 ж., № 15, 177-құжат, № 37, 441-құжат, 2012 ж., № 48, 638-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана – жаңа қала» АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі болып табылады және 7634,71 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына алаңы 598,1 гектар № 1 индустриялық парк, алаңы 433,1 гектар № 2 индустриялық парк және алаңы 72,41 гектар қалалық жеңіл рельс желісі кіреді.»;
3-тармақта:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;».
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қызметтің басым түрлері жүзеге асырылатын АЭА аумағының бөлігінде қолданылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағының шекаралары оның периметрі бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.»;
көрсетілген ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 31 қазандағы
№ 681 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 29 маусымдағы
№ 645 Жарлығымен бекітілген
"Астана - жаңа қала"
арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША
«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары

Қолданыстағы