Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения и изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года N 828

Жарлық · № 1610 · қабылданған 08.07.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2002-n-828/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении дополнения и изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года N 828 Күшін жойған Жарлық ·№ 1610 ·08.07.2005
31.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения и изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года N 828

Күшін жойған Жарлық ·№ 1610 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения и изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года N 828
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1610
Қабылданған күні
08.07.2005
Көрсетілген редакция
31.07.2023 24934_645525.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U050001610_
ЭКБ идентификаторы
24934
Редакция идентификаторы
24934_645525
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:32

0 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы

"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына мынадай толықтыру мен өзгерiс енгізiлсiн:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мына кандидатуралар:
1) әлеуметтiк-экономикалық блок (Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Денсаулық сақтау, Мәдениет, ақпарат және спорт) министрлерiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң және Сенатының бейiндiк комитеттерiнде;
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi басшыларының лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының бейiндiк комитетiнде;
3) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң Мемлекет басшысы тағайындайтын Төрағасы мен екi мүшесiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң бейіндік комитетiнде алдын ала талқылануға тиiс деп белгiленсiн.";
аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесiнде:
мына:
"Қазақстан Республикасы     Президент  Сыртқы     Премьер-
дипломатиялық                          iстер      Министрмен,
өкiлдiктерінің басшылары               министрi   Әкiмшілiк
Басшысымен,
Парламент
Сенатының және
Мәжілісiнің
тиісті
комитеттерiмен"
деген жолда ", Парламент Сенатының және Мәжiлiсiнiң тиiстi комитеттерiмен" деген сөздер алып тасталсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

Қолданыстағы