Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828

Жарлық · № 340 · қабылданған 04.06.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2002-no-828-ekb-33534/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 Күшін жойған Жарлық ·№ 340 ·04.06.2007
31.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828

Күшін жойған Жарлық ·№ 340 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
340
Қабылданған күні
04.06.2007
Көрсетілген редакция
31.07.2023 33534_645527.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U070000340_
ЭКБ идентификаторы
33534
Редакция идентификаторы
33534_645527
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:33

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тізбесінде:
"Облыстардың, Астана және Алматы      Облыс   Облыс   Премьер-
қалалары әкімдерінің орынбасарлары,   әкімі   әкімі   Министрмен,
әкімдер аппараттарының жетекшілері,                   Әкімшілік
қалалардың, аудандардың және                          Басшысымен"
қалалардағы аудандардың әкімдері
      деген жол мынадай мазмұндағы жолдармен ауыстырылсын:
"Облыстардың, Астана және Алматы      Облыс   Облыс   Әкімшілік
қалалары әкімдерінің орынбасарлары,   әкімі   әкімі   Басшысымен
әкімдер аппараттарының жетекшілері
Қалалардың, аудандардың және          Облыс   Облыс   Әкімшілік
қалалардағы аудандардың әкімдері      әкімі   әкімі   Басшысымен,
                                                      аудан,
                                                      облыстық
                                                      маңызы бар
                                                      қалалар,
                                                      Астана
                                                      және Алматы
                                                      қалаларының
                                                      мәслихатымен";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
8-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері орынбасарларының, әкімдер аппараттары жетекшілерінің қызметтеріне тағайындауларды оларға қатысты жоғары тұрған әкімдер Президент Әкімшілігінің келісуімен жүргізеді. Қалалар және аудандар әкімдерінің, қалалардағы аудандар әкімдерінің қызметтеріне тағайындауларды оларға қатысты жоғары тұрған әкімдер Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамдардың келісімімен тиісінше ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының мәслихатының келісуімен жүргізеді.";
екінші абзацта:
"тіркелгеннен және зерделенгеннен кейін мәселені Үкіметте келісу үшін Премьер-Министр Кеңсесіне жіберіледі" деген сөздер "тіркеледі және зерделенеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта "Мәселе Үкіметте қаралғаннан кейін материалдар қайтадан Кадр саясаты бөліміне беріледі, ол" деген сөздер "Кадр саясаты бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын; "Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің" деген сөздер "Президент Әкімшілігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "және Үкіметпен" деген сөздер алынып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз актілерін осы Жарлыққа

сәйкес келтірсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы