О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 "О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 "О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 328
- Қабылданған күні
- 17.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2023 65578_647574.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1200000328
- ЭКБ идентификаторы
- 65578
- Редакция идентификаторы
- 65578_647574
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:14
0 "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
«
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық департаменттерінің бастықтары
Әділет министрі
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы
Әкімшілік Басшысы
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық департаменттерінің бастықтары
Ішкі істер министрі
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы
Әкімшілік Басшысы
»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
19-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары; Ішкі істер министрлігі Алматы және Қарағанды академияларының бастықтары; Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы қалаларының және облыстардың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;
Әділет министрлігі «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры;»;
21-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, комитеттер төрағалары, Әділет министрлігінің Астана және Алматы қалалары, облыстар әділет департаменттерінің бастықтары;».