О внесении изменения и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 "О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 "О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 609
- Қабылданған күні
- 09.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2023 73930_647564.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1300000609
- ЭКБ идентификаторы
- 73930
- Редакция идентификаторы
- 73930_647564
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:31
0 "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 793-құжат; № 74, 1067-құжат; № 80, 1178-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Қазақстан
Республикасының
Ресей
Федерациясындағы
сауда өкілі
Үкімет
Қазақстан
Республикасы
Экономика және
бюджеттік
жоспарлау
министрі
Президент
Қазақстан
Республикасының
Ресей
Федерациясындағы
сауда өкілінің
орынбасарлары
Үкімет
Қазақстан
Республикасы
Экономика және
бюджеттік
жоспарлау
министрі
Президент
»;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары жөнінде - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.»;
18-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық Банк, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктер төрағаларының орынбасарлары; Ұлттық Банк комитеттерінің төрағалары; «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрамына кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары; холдингтер құрамына кірмейтін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы; Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары.».