О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 «О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти» и признании утратившими силу некоторых актов Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 «О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти» и признании утратившими силу некоторых актов Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 120
- Қабылданған күні
- 17.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2023 134197_647660.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1900000120
- ЭКБ идентификаторы
- 134197
- Редакция идентификаторы
- 134197_647660
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:46
0 Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс
«Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына жол:
«
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры
Президент
Бас прокурор
Комиссия*
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры
Бас прокурор
Комиссия*
»;
мына жол:
«
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры
Президент
Мәдениет және спорт министрі
Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры
Мәдениет және спорт министрі
Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы
»;
мына жол:
«
Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары
Президент
министрлер
Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
Ұлттық жоғары оқу орындарының бірінші басшылары
министрлер
Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы
»;
мына жол:
«
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы
Президент
Мәдениет және спорт министрі
Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы
Мәдениет және спорт министрі
Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы
»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
22-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімдердің әлеуметтік саланы қадағалайтын орынбасарлары; ұлттық жоғары оқу орындарының бірінші басшылары; «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры.».
2 2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
4 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 17 тамыздағы
№ 120 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің ТІЗБЕСІ
1
2
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 996 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 324-құжат).
3
3. «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 257 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 25, 345-құжат).
4
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 75 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 46, 366-құжат).
5
5. «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 313 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 46, 289-құжат).
6
6. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 643 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 8, 23-құжат).
7
7. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 805 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (ҚР НҚА электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкі, 2019 жылғы 3 қаңтар).