О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 29 января 2003 года N 17 "Об утверждении Правил о порядке предоставления в имущественный найм (аренду) объектов государственной коммунальной собственности (имущества) Актюбинской области" (зарегистрирован в Управлении Юстиции Актюбинской области за N 2005 от 24.02.2003г.)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 29 января 2003 года N 17 "Об утверждении Правил о порядке предоставления в имущественный найм (аренду) объектов государственной коммунальной собственности (имущества) Актюбинской области" (зарегистрирован в Управлении Юстиции Актюбинской области за N 2005 от 24.02.2003г.)
- Атауы (қаз.)
- Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 17 "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жәйлі қағидаларды бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Ақтөбе облысы Әділет басқармасында 2003 ж. 24.02.2005 номерімен тіркелген)
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 326
- Қабылданған күні
- 28.09.2006
- Көрсетілген редакция
- 12.11.2009 29856_146909.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06C0003189
- ЭКБ идентификаторы
- 29856
- Редакция идентификаторы
- 29856_146909
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:50
0
Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 17 "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жәйлі қағидаларды бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Ақтөбе облысы Әділет басқармасында 2003 ж. 24.02.2005 номерімен тіркелген)
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 192 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жайлы қағидаларды бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 17 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының 3 бөлімінің және оған қоса берілген ережедегі:
"Облыстық коммуналдық меншік басқармасы" сөздері "Ақтөбе облыстық қаржы департаменті" сөздерімен ауыстырылсын және "Қаратаев А.Б." сөзі алынып тасталсын;
қаулының 4 бөлімінің "Гилимов С.К." сөзі "Мұқашев С.Ш." сөзіне ауыстырылсын;
Ереженің 2 бөлімінің 3 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға беру "Ақтөбе облыстық қаржы департаменті" ММ-мен және аудандық қаржы бөлімдерімен жүзеге асырылады (одан әрі - Жалға беруші);
Ереженің 3 бөлімінің 10 тармағы мынадай мазмұндағы 6 тармақшамен толықтырылсын:
"Бюджет алдында қарыздың жоқтығы туралы мәлімет";
Ереженің 9 бөлімінің 42 тармағының бірінші азат жолында "тоқсан" сөздерін, "жыл" сөзіне ауыстыру және "Жалгердің қызмет түрін ескеретін коэффициент" мынадай редакцияда мазмұндалсын:
________________________________________________________________
р/б Жалгердің К4
қызмет түрі мәні
_________________________________________________________________
1 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар 1,0
2 мектептерде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 0,8
3 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындар 1,3
4 кондитер бұйымдары өндірісі 1,3
5 білім беру қызметі, мәдени орталықтар 1,3
6 медициналық қызметтер, дәріханалар 1,5
7 коммерциялық қызмет 1,7
8 өндіріс 1,7
9 банк, қамсыздандыру қызметі 2,0
10 басқа түрлері 1,6
__________________________________________________________________