О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 сентября 2003 года № 349 "Об утверждении Правил осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 сентября 2003 года № 349 "Об утверждении Правил осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 26.03.2005
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2012 AI23842_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003592_
- ЭКБ идентификаторы
- 23842
- Редакция идентификаторы
- AI23842_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:59
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 349 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2550 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысында N 23, 2003 жыл жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"1-1) клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы, трансфер-агенттің қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;";
3-тармақта "бағалы қағаздар рыногын" деген сөздер "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысымен жасалған шарт болған жағдайда жеке немесе заңды тұлғалар трансфер-агенттің клиенттері болып табылады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын клиенттер трансфер-агентке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысымен жасалған шарттың көшірмесін;
2) жеке тұлғалар үшін - клиенттің қолы не оның өкілінің қолы бар есепке алу карточкасын, осы карточкаға құжатты қабылдауға уәкілетті трансфер-агент қызметкерінің қатысуымен есепке алу жүргізіледі (бұдан әрі - есепке алу карточкасы);
заңды тұлғалар үшін - 5-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес жасалған қол қою үлгілерінің карточкасын.";
8-тармақта:
"және 2) тармақшаларының" деген сөздер алып тасталсын, олардың орнына "тармақшасының" деген сөзбен толықтырылсын;
"5" деген цифрдан кейін "және 5-1-тармақтың 2) тармақшасының" деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3 3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына және Ұлттық почта операторына жіберсін.