Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 января 2003 года № 83 "Об утверждении Правил организации скрининга психофизических нарушений у детей раннего возраста"

Бұйрық · № 379 · қабылданған 24.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2003-no-83/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 января 2003 года № 83 "Об утверждении Правил организации скрининга психофизических нарушений у детей раннего возраста" Күшін жойған Бұйрық ·№ 379 ·24.07.2009
15.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 января 2003 года № 83 "Об утверждении Правил организации скрининга психофизических нарушений у детей раннего возраста"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 379 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 января 2003 года № 83 "Об утверждении Правил организации скрининга психофизических нарушений у детей раннего возраста"
Атауы (қаз.)
"Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 83 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
379
Қабылданған күні
24.07.2009
Көрсетілген редакция
15.07.2016 AI47444_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005744_
ЭКБ идентификаторы
47444
Редакция идентификаторы
AI47444_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:42

0 "Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 83 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. " Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 2159 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған 2003 ж., N 12, 820-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесінде :
9-тармақтың екінші сөйлемінде ", балалар ПМСК жіберіледі" деген сөздер "балаға көрсетімдері бойынша арнаулы мамандардың консультациясы беріледі, анасына тамақтандыру және күту туралы кеңес беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын.
мынадай мазмұндағы 15, 16, 17-тармақтармен толықтырылсын :
"15. Осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес БМСК ұйымының медицина қызметкері және аумақтық ПМПК-ға ай сайын скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы ақпаратты береді.".
"16. БМСК ұйымының медицина қызметкері мен аумақтық ПМПК қызметкері тоқсан сайын ПМПК-ға жолданған балалар туралы мәліметтерді салыстыруды жүргізеді.".
"17. Осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес БМСК ұйымының медицина қызметкері психикалық-дене бұзылыстары скринингімен қамтылған және аумақтық ПМПК-ға жіберілген бүлдіршін жастағы балалар туралы жинақталған мәліметті береді.".
осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес 1, 2-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
2009 жылғы 24 шілдедегі
N 379 бұйрығына
1-қосымша
Бүлдіршін жастағы балаларда
психикалық-дене бұзылыстары
скринингін ұйымдастыру ережесіне
1-қосымша
Скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы ақпарат
N
Ба­ла­ның Т.А.Ә
Жа­сы
Ме­кен жайы
Ди­а­гно­зы
Жол­дан­ған кү­ні
Пси­хи­ка­лық-ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го­ги­ка­лық кон­суль­та­ци­яда қа­рал­ған кү­ні

2 Психикалық-дене бұзылыстары скринингімен қамтылған және аумақтық ПМПК-ға жіберілген бүлдіршін жастағы балалар туралы жинақталған мәлімет 2009 жылғы _______ - ________ кезең аралығында

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
2009 жылғы 24 шілдедегі
N 379 бұйрығына
2-қосымша
Бүлдіршін жастағы балаларда
психикалық-дене бұзылыстары
скринингін ұйымдастыру ережесіне
2-қосымша
Психикалық-дене бұзылыстары скринингімен қамтылған және аумақтық ПМПК-ға жіберілген бүлдіршін жастағы балалар туралы жинақталған мәлімет 2009 жылғы _______ - ________ кезең аралығында
Кон­тин­гент
Тек­се­рі­луі қа­жет
Тек­се­ріл­ді
Тек­се­рі­л­ген кез­де анық­тал­ды
өт­кір­лік тө­мен­ді­гі
Сөй­ле­су ке­мі­сті­гі
ско­ли­оз
мү­сін бұ­зы­луы
нерв-пси­хи­ка­лық бұ­зы­луы
Есту қа­бі­ле­ті
Кө­ру қа­бі­ле­ті
1
2
3
4
5
6
7
8
9
3 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар бар­лы­ғы
Психикалық-дене бұзылыстары бар балалардың ПМПК-ға жіберілген саны, барлығы _________

Қолданыстағы