Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2003 года № 993 «Об утверждении Правил консервации земель»

Қаулы · № 1100 · қабылданған 08.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2003-no-993/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2003 года № 993 «Об утверждении Правил консервации земель» Қолданыста Қаулы ·№ 1100 ·08.12.2023
08.12.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2003 года № 993 «Об утверждении Правил консервации земель»

Қолданыста Қаулы ·№ 1100 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2003 года № 993 «Об утверждении Правил консервации земель»
Атауы (қаз.)
«Жерлерді сақтап қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1100
Қабылданған күні
08.12.2023
Көрсетілген редакция
08.12.2023 189746_670936.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300001100
ЭКБ идентификаторы
189746
Редакция идентификаторы
189746_670936
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:03

0 «Жерлерді сақтап қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жерлерді сақтап қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жерлерді сақтап қою қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жерлердi сақтап қою қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтiру, қоршаған ортаны жақсарту және халық денсаулығын қорғау мақсатында ауыл шаруашылығының тозған алқаптарын, шектi жол берiлетiн концентрациясы мен шектi жол берiлетiн әсер ету деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен артық химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, сарқынды сулармен ластанған, карантиндiк объектілермен, бөтен текті түрлермен және аса қауіпті зиянды организдермен зақымданған жерлердi (бұдан әрі – бүлінген жерлер) сақтап қою, сондай-ақ ядролық қару сынақтары салдарынан нормативтен артық радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскелерін алып қою тәртiбiн белгiлейдi.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Ядролық қару сынақтары салдарынан нормативтен артық радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскелерін алып қою»;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Ядролық қару сынақтары салдарынан нормативтен артық радиоактивті ластануға ұшыраған жерлерді босалқы жерлердiң құрамына ауыстыру туралы материалдарды тиiстi облыстық атқарушы органдардың өтінішхаты бойынша жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау және атом энергиясын пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп дайындайды және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына жолдайды.
15. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 143-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық қару сынағының салдарынан нормативтен артық радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде ядролық қару сынағының салдарын жою жөнiндегi барлық iс-шаралар және кешендi экологиялық зерттеп-қарау аяқталғаннан кейiн ғана жеке меншiкке немесе жер пайдалануға беруi мүмкiн.».

2 2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы