О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года N 1130
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года N 1130
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 763
- Қабылданған күні
- 03.09.2007
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 AI34935_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000763_
- ЭКБ идентификаторы
- 34935
- Редакция идентификаторы
- AI34935_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:06
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1.»"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацында»"полиграфия" деген сөзден кейін ", мемлекеттік нышандарды пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"010000, Астана қаласы,»Министрліктер Үйі" ғимараты";
10-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы»"полиграфия" деген сөзден кейін»", мемлекеттік нышандарды пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Кино" бөлімінде:
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"30.»Шәкен Айманов атындағы»"Қазақфильм" АҚ";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті туралы ережеде:
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"010000, Астана қаласы,»Министрліктер Үйі" ғимараты";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жолдағы "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолдағы "ЖАҚ" деген аббревиатура "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.