О внесении дополнения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 29 апреля 2004 года N 23 "Об утверждении Правил ведения и использования отдельных видов специальных учетов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 29 апреля 2004 года N 23 "Об утверждении Правил ведения и использования отдельных видов специальных учетов"
- Атауы (қаз.)
- "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 23 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 30.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2014 AI40551_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005247_
- ЭКБ идентификаторы
- 40551
- Редакция идентификаторы
- AI40551_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:23
0 "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 23 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Арнайы есептің жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың тәртібін жетілдіру және 2007 жылдың 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына cәйкестендіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 23 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2843 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 19 қыркүйектегі N 52 "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4422 санымен тіркелген), 2007 жылғы 17 тамыздағы N 33 "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4924 санымен тіркелген) бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) келесі толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасының N 10 қосымшасында:
Тегi бойынша және дактилоскопиялық картотекаларда есептiк құжаттарды сақтау мерзiмдерi Тізбесінің 1-тармағы келесі мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған тұлғалардың әліпбилік есептік кәртішкелері тегi бойынша картотекаларда ұдайы сақталады.".