О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2004 года N 998
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2004 года N 998
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 998 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 755
- Қабылданған күні
- 20.07.2005
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2009 AI24792_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000755_
- ЭКБ идентификаторы
- 24792
- Редакция идентификаторы
- AI24792_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:30
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 998 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. "Байланыс саласындағы қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 998 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 468-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк және қосымша (арнайы) талаптарда:
2-тармақтың екiншi абзацындағы "негiзгi қызмет түрлерi," деген сөздерден кейiн "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерге тиесiлiлiгі туралы ақпарат," деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Байланыс саласындағы кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру шарттарында:
қазақ тілiндегi мәтiнiнде 12-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) лицензиаттың мәртебесiн жыл сайын растау тәртібiн;";
12-тармақ мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) абоненттер туралы қызметтiк ақпаратты мiндетті электрондық есепке алуды жүргiзу туралы талапты;
9) аппараттық-бағдарламалық құралдарды алыстан қосу мүмкiндiгi бар, бiрыңғай файлдар нысанындағы абоненттің шығу мен кiру қосылыстары туралы қызметтiк ақпаратты сақтаудың ұзақ, бiр жылға дейiн, бiрыңғай электрондық деректер банкiнiң болғаны туралы талапты қамтиды.";
14-тармақтағы "лицензиарды" деген сөзден кейiн "жазбаша түрде" деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Байланыс саласындағы лицензиялауға жататын қызметтер тiзбесiнде:
2-тармақта:
2) тармақшаның бiрiншi абзацынан кейiн мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) байланыс саласындағы қызметпен байланысты емес, жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желiсiне қосылмаған және негізгi қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желiлерiн құру және пайдалану (оның iшiнде жылжымалы радио/радиотелефондық, транкингтiк және пейджингтік байланыс) бойынша.";
2) тармақшаның екiншi абзацындағы "өндiрiстiк мақсатта" деген сөздер "2) және 3) тармақшаларда көзделген жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын.