Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года № 1130 "Вопросы Министерства культуры и информации Республики Казахстан"

Қаулы · № 836 · қабылданған 26.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2004-no-1130-ekb-66283/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года № 1130 "Вопросы Министерства культуры и информации Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 836 ·26.06.2012
23.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года № 1130 "Вопросы Министерства культуры и информации Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 836 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года № 1130 "Вопросы Министерства культуры и информации Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
836
Қабылданған күні
26.06.2012
Көрсетілген редакция
23.09.2014 AI66283_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000836
ЭКБ идентификаторы
66283
Редакция идентификаторы
AI66283_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:57

0 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ережеде:
14-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеу;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама салаларында нормативтік құқық актілерді әзірлеу, бекіту;»;
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерін, тексеру жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«62) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;»;
63) және 65) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 65-1), 65-2), 65-3), 65-4), 65-5), 65-6), 65-7), 65-8) және 65-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«65-1) Министрліктің құзыреті шегінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру;
65-2) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеу;
65-3) телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекіту;
65-4) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
65-5) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
65-6) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
65-7) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлеу;
65-8) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже әзірлеу және оның құрамы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
65-9) бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды, дамытуды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру;»;
15-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу, телерадио хабарларын тарату жөніндегі қызметті лицензиялау;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;»;
49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«49) Қазақстан Республикасының ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;»;
мынадай мазмұндағы 56-1), 56-2), 56-3), 56-4), 56-5), 56-6), 56-7), 56-8), 56-9), 56-10) және 56-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«56-1) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
56-2) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
56-3) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
56-4) Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
56-5) Қазақстан Республикасының аумағында есепке қойылған және таратылатын отандық және шетелдік теле-, радиоарналардың тізілімін жүргізу және оны интернет-ресурста жариялау;
56-6) телерадио хабарларын тарату операторларының есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды тарату бөлігіндегі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
56-7) көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау;
56-8) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
56-9) ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
56-10) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамаларының сақталуын бақылауды және мониторингті жүзеге асыру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;
56-11) уәкілетті органдарға адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан кездегі іс-қимыл тәртібі туралы халықты хабардар ету үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізу.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы