Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года № 1130 "Вопросы Министерства культуры и информации Республики Казахстан"

Қаулы · № 1360 · қабылданған 25.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2004-no-1130-ekb-68251/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года № 1130 "Вопросы Министерства культуры и информации Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 1360 ·25.10.2012
23.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года № 1130 "Вопросы Министерства культуры и информации Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1360 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года № 1130 "Вопросы Министерства культуры и информации Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1360
Қабылданған күні
25.10.2012
Көрсетілген редакция
23.09.2014 AI68251_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001360
ЭКБ идентификаторы
68251
Редакция идентификаторы
AI68251_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:04

0 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
14-тармақта:

21 21) тармақша алынып тасталсын;

24 24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

24 «24) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптау комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту;»;

34 34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

34 «34) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртібін және пайдалану режимін әзірлеу;»;

45 45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

45 «45) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;

50 50) тармақша алынып тасталсын;

15-тармақта:

3 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3) мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпараттық агенттіктерді есепке қоюды жүзеге асыру;»;

4 4) тармақша алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы