О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года № 1132 "Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан"
Күшін жойған
Қаулы
·№ 1358
·
23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года № 1132 "Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1358
- Қабылданған күні
- 21.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 AI61471_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001358
- ЭКБ идентификаторы
- 61471
- Редакция идентификаторы
- AI61471_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:06
0 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
10-тармақта:
4 4), 7), 18), 19), 22), 23) тармақшалар алып тасталсын;
14 14), 52) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
14
«14) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді;»;
52 «52) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
51-1 «51-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 67) тармақшамен толықтырылсын:
67 «67) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
11-тармақта:
9 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
9 «9) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімдерін тексеруді жүргізу;»;
13 13) тармақша алып тасталсын;
14-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: