О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2004 года № 1413 "Об утверждении Правил создания и государственного учета зоологических коллекций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2004 года № 1413 "Об утверждении Правил создания и государственного учета зоологических коллекций"
- Атауы (қаз.)
- "Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1413 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1562
- Қабылданған күні
- 07.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2015 AI70128_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001562
- ЭКБ идентификаторы
- 70128
- Редакция идентификаторы
- AI70128_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:34
0 "Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1413 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1413 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 658-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесінде:
1-тармақта «және бақылау» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зоологиялық коллекцияларға жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервiленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде хайуанаттар парктері, зообақтар, цирктер, зоологиялық питомниктер, аквариумдер, океанариумдер жабайы жануарларының ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы жатады.»;
3-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Зоологиялық коллекцияның иесi оны мемлекеттiк есепке қою мақсатында қызметтерді жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні ішінде «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиiстi уәкiлеттi органды хабардар етеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тиiстi уәкiлеттi орган зоологиялық коллекция иесiнің хабарламасына сәйкес оны тізілімге енгізеді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Зоологиялық коллекцияларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Кедендік одақтың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.»;
көрсетілген ережеге 1-қосымшадағы 9, 10 және 15-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген ережеге 2 және 3-қосымшалар алынып тасталсын.