Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 29 апреля 2004 года № 23 "Об утверждении Правил ведения и использования отдельных видов специальных учетов"

Бұйрық · № 52 · қабылданған 19.09.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2004-no-23-ekb-29933/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 29 апреля 2004 года № 23 "Об утверждении Правил ведения и использования отдельных видов специальных учетов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 52 ·19.09.2006
10.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 29 апреля 2004 года № 23 "Об утверждении Правил ведения и использования отдельных видов специальных учетов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 52 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 29 апреля 2004 года № 23 "Об утверждении Правил ведения и использования отдельных видов специальных учетов"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" № 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
52
Қабылданған күні
19.09.2006
Көрсетілген редакция
10.07.2014 AI29933_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004422_
ЭКБ идентификаторы
29933
Редакция идентификаторы
AI29933_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:52

0 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" N 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдалануды жетілдіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 2843 тіркелген) N 23 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдалану Қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
барлық мәтін бойынша "шетелдіктер" сөзі "шетел азаматтары" сөздерімен ауыстырылсын;
3-тармақта "көші-қон қызметтері" сөздерінен соң ", Қазақстан Республикасының халықты құжаттау және тіркеу органдары" сөздерімен толықтырылсын;
10-тармақтың бірінші азат жолында "Басты ақпараттық" сөздері "Басты ақпараттық-талдау" сөздерімен ауыстырылсын;
13-тармақтың бірінші азат жолында "құрылады" сөзінен соң "және аумақтық органға жолданады" сөздерімен толықтырылсын;
15-тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
"15. Сот үкімінің (қаулысының) заңды күшке енгенінен соң, тергеу абақтысының әкімшісі үкімнің заңды күшке енгені туралы анықтаманы алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде аумақтық органға сот үкімінің заңды күшке ену мәні туралы мәліметтер бейнеленген сотталған туралы хабарламаны ұсынады. Сотталушы жазаны өтеу орнына жіберілгенінен кейін, тергеу абақтысының әкімшісі 5 жұмыс күні ішінде аумақтық органға сотталғанның жіберілуі туралы хабарлама жолдайды.";
18-тармақта:
бірінші азат жолда "облыс аумағында" сөздерінен соң "5 жұмыс күні ішінде," сөздерімен толықтырылсын;
екінші азат жол келесі редакцияда жазылсын:
"Басқа облыстар, ТМД мемлекеттер соттарымен сотталған, сол облыстың түзеу мекемесіне жазасын өтеуге жіберілген тұлғаларға әліпбилік есепке алу кәртішкесінің 1 данасы және сотталған туралы хабарламаның 2 данасы құрылады.";
20-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"20. Сотталғанға, жазасын түзеу мекемесінде өтеушіге қатысты үкімнің өзгертілуі жағдайында түзеу мекемесінің (тергеу абақтысының) әкімшісі оның орындалуы туралы тиісті сотты ескертеді және 5 жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді белгілеумен сотталған туралы хабарламаны аумақтық органға жолдайды. Басқа аймақта сотталған тұлғаға қатысты сотталу орны бойынша аумақтық органдарға сол мерзімде тиісті мәліметтермен сотталған туралы хабарлама ұсынылады.";
26-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"26. Істі қайта қарау бойынша соттың тиісті үкімінің (қаулысының) келіп түсуіне дейін босатылған тұлғаларға қатысты үкімнің өзгертілуі жағдайында түзеу мекемесінің (тергеу абақтысының) әкімшісімен сотталу туралы хабарлама осы Қағиданың 20-тармағымен белгіленген тәртіпте ұсынылады.";
6-тараудың атауында "есепке алу құжаттарын көші-қон қызметі органдарымен" сөздері "әділет органдарымен тұлғалар арқылы анықтау мәліметтерінің өзгеруі туралы деректерді" сөздерімен ауыстырылсын;
27-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"27. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әділет департаменттерімен (бұдан әрі - Әділет департаменттері) әр айдың 15 және 30 күндеріне дейін сандарына Комитеттің аумақтық басқармаларына анықталған нысан бойынша (N№6 қосымша) анықтау мәліметтерінің (тегі, аты және әкесінің аты, ұлты, туған жылы) өзгертілу себептері бойынша жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыру мәселесі жөнінде аудандық және қалалық әділет органдарына жүгінген азаматтар туралы мәліметтер жолданады.";
29-тармақта "оған қатысты," сөздерінен соң "сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңымен қаралған басқа да негіздер бойынша есептен алу кезінде" сөздерімен толықтырылсын;
30-тармақтың бірінші азат жолында "олардың жеке басын анықтайтын" сөздерінен соң "(Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты, шетел азаматының Қазақстан Республикасындағы ықтияр хаты, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі)" сөздерімен толықтырылсын;
келесі редакциядағы 30-1 тармағымен толықтырылсын:
"30-1. Жеке басын анықтаушы құжаттары немесе белгілі тұрағы жоқ шетел азаматтары жалпы тәртіпте есепке алынулары тиіс.";
31-тармақта:
1) тармақшада "істің қаралуы" сөздерінен соң ", елтаңбалы мөрмен басылған;" сөздерімен толықтырылсын;
3) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"3) соттылығын алу туралы қаулылар көшірмелері (істі қарау кезінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті басқармаларының қылмыстық-атқару инспекцияларында есепке алынған тұлғаларға қатысты қаулылардан басқа);";
43-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"43. Анықтау мәліметтерін өзгерткен азаматтар туралы Әділет департаменттерінен келіп түскен мәліметтерді Комитеттің аумақтық басқармалар қызметкерлері тегі бойынша есепке алу арқылы тексереді. Анықтау мәліметтерін өзгерткен азаматтарға қатысты мәліметтер болғанда жаңа сауалнамалық мәліметтер бойынша әліпбилік кәртішкенің 2 данасы құрастырылады оның 1 данасы 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей Комитетке жолданады.";
13-тараудың атауында "және көші-қон қызметінің" сөздері ", көші-қон қызметінің, Қазақстан Республикасының халықты құжаттау және тіркеу органдарының" сөздерімен ауыстырылсын;
58-тармақтың бірінші азат жолында "көші-қон қызметінің бөлімдері," сөздерінен соң "Қазақстан Республикасының халықты құжаттау және тіркеу органдары," сөздерімен толықтырылсын;
60-тармақтың бірінші азат жолында "көші-қон қызметінің бөлімдерімен," сөздерінен соң "Қазақстан Республикасының халықты құжаттау және тіркеу органдарымен," сөздерімен толықтырылсын;
65 және 68 тармақтарда "59" саны "60" санымен ауыстырылсын;
68-тармақ келесі редакциядағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері болып табылмайтын және осы Қағиданың 77-тармағында белгіленген органдар және ұйымдар санатына жатпайтын заңды тұлғалармен мәліметтердің талап етілуі осы Қағиданың 72-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";
70-тармақ келесі мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:
"Соттылығы болған жағдайда сот шешімінің көрсетілуімен соттылығы туралы анықтама беріледі (N№24-1 қосымша).";
ескертпеде "Соттылығының болуы туралы мәліметтер (өшірілуі немесе алынуы)" сөздері "Анықтамалар" сөзімен ауыстырылсын;
74-тармақта "өтелуі немесе" сөздері алып тасталсын;
77-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"77. Азаматтарға қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар мәліметтердің талап бланкілерінде жазылуларына сұрау салады.
Тегі бойынша есепке алу мәліметтері тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға соттылығының жойылуы немесе алынуына, не болмаса қылмыстық қудалаудың қысқартылу негізіне байланыссыз ақпараттық есепке алу құжаттарының (10-қосымша) сақталу мерзімдеріне сәйкес ұсынылады. Сұрау салулар 10 күнтізбелік күн ішінде орындалады.
Ескертпе: Мемлекеттік қызметке үміткер мемлекеттік қызметшілерге (оларға теңестірілгендерге) қатысты мәліметтерге сұрау салу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды есепке алуды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.";
79-тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
"79. Жазаны өтеу жерінде өлгендер туралы мәліметтер ақпараттық есепке алу құжаттарын тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларда (10-қосымша) сақтау мерзімі тізімдемесінің 2-тармағымен қаралған сақталу мерзіміне сәйкес беріледі.";
16-тараудың атауы келесі редакцияда жазылсын:
"16-тарау. Анықтау, тергеу немесе сот және жазасын өтеуден жасырынған тұлғаларды есепке алу";
82-тармақта:
2) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"2) мемлекетаралық іздеу жариялау туралы қаулы;";
4) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"4) ізделушіге арналған статистикалық кәртішке (N№28 қосымша).";
жетінші азат жолда:
"немесе соттың," сөздерінен соң "және жазаны өтеу," сөздерімен толықтырылсын;
келесі мазмұндағы үшінші бөліммен толықтырылсын:
"Іздеу ісін жүргізу туралы келісімді прокурор іздеу ісін жүргізу туралы қаулыға елтаңбалық мөрмен басылған жазбаша рұқсат қағазымен білдіреді";
сегізінші азат жолда "іздеу істерін тіркеу журналында" сөздерінен соң "(N№25 қосымша)." сөздерімен толықтырылсын;
84-тармақта:
2) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"2) шартты түрде сотталушыға, жазаны өтеу бойынша уәкілетті орган қорытындысымен үкімнің орындалуы ұзартылған сотталушыға қатысты сот үкімі (қаулысы);";
4) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"4) қамауға алынғанның, сотталғанның тергеу абақтысынан, түзеу мекемесінен, айдауылдан қашуы, ауру адамның қатаң оқшаулау жағдайында психиатриялық көмек көрсететін арнайы дәрігерлік мекемеден қашуы.";
келесі мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөлімдермен толықтырылсын:
"Тұлғаға іздеу жариялау туралы сот қаулысы (ұйғарымы) қылмыстық іспен бір мезгілде сот арқылы оның заңды күшке енгенінен кейін бір жұмыс күні ішінде қадағалаушы прокурорға жолданады.
Қадағалаушы прокурор тұлғаға іздеу жариялау туралы сот қаулысын (ұйғарымын) іздеу жүргізу тапсырылған органға 3 тәулік ішінде, ал тұлғаға іздеу жариялау туралы прокурордың қаулысын - шығарылғанынан кейін бір жұмыс күні ішінде жолдайды.
Қадағалаушы прокурормен іздеу істерін жүргізу заңдылықтарына тексеру олардың прокуратураға келіп түскен сәтінен бастап тәулік ішінде жүзеге асырылады.";
85-тармақта:
бірінші азат жол келесі редакцияда жазылсын:
"85. Тіркеу үшін іздеу салу ісі ұсынылады, оған мыналар енгізіледі:";
3) тармақша ", егер ол енгізілсе;" сөздерімен толықтырылсын;
6) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"6) соттылығының болуы (болмауы) туралы талаптың бір айдан аспайтын мерзімде тексерілуі;";
келесі редакциядағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) төлқұжат немесе жеке куәлік көшірмесін, көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда туу туралы куәлік немесе әскери билет, не болмаса төлқұжаттың 1-нысанының көшірмесі. Көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда тұлғаға іздеу жариялау туралы шешімді қабылдаған органмен ізделушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері туралы анықтама құрылады және оған бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы, сондай-ақ органның мөрі қойылады.
Сотпен іздеу жариялау туралы шешім шығарылған жағдайда жоғарыда аталған әрекеттер қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндірісті аяқтаған органмен жүзеге асырылады.";
86-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"86. Тергеу, анықтау органдарынан немесе соттан, жазасын өтеуден жасырынған айыпталушыларға республикалық іздеу жариялау кезінде, жедел-іздеу қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның іздеу бөлімшелері әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, аумақтық органдарға іздеу салу кәртішкесінің 3 данасын және ізделушіге арналған статистикалық кәртішкенің 1 данасын жолдайды. Іздеу салу кәртішкесінің бір данасы тегі бойынша есепке алу картотекасына енгізіледі, ізделушіге арналған статистикалық кәртішке әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, аумақтық органның іздеулік есепке алу картотекасына енгізіледі, іздеу кәртішкесінің екі данасы Комитетке жолданады, олардың бір данасы Комитеттің тегі бойынша картотекасына орналастырылады, ал екіншісі ХАБ жолданады.";
келесі мазмұндағы 88-1 тармақпен толықтырылсын:
"88-1. Есепке алу құжаттарындағы аты-жөндеріне, туған күндері мен жерлеріне түзетулер енгізу Комитетпен, әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, аумақтық органмен төлқұжаттың немесе жеке куәлік көшірмелерінің негізінде жүзеге асырылады, көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда - туу туралы куәлік немесе әскери билет негізінде, не болмаса төлқұжаттың 1-нысаны негізінде жүзеге асырылады, ал осы көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда - тұлғаға іздеу жариялау туралы шешімді қабылдаған орган бастығының қолы қойылған және мөр басылған аты-жөндерін, туған күндері мен жерлерін анықтау жөніндегі анықтамамен жүзеге асырылады.";
89-тармақта:
үшінші бөлімде:
жетінші және сегізінші азат жолдар алып тасталсын;
он үшінші азат жол келесі редакцияда жазылсын:
"12) бұлтартпау шарасы;";
төртінші бөлім алып тасталсын;
келесі мазмұндағы 89-1 тармақпен толықтырылсын:
"89-1. Осы Қағиданың 89-тармағымен қаралған мәліметтер болмаса, немесе көрсетілген мәліметтер есепке алынған мәліметтермен сәйкес келмесе, лауазымды тұлғалардың қолдары, басылған мөрлер болмаса, немесе мөр таңбасы толық басылмаса, ақпараттық есепке алу құжаттары есепке алынусыз тиісті ресімделуі үшін қайтарылады.
Басқа әрекет бойынша есепте тұрған ізделушіні есепке алу үшін ұсынылған ақпараттық есепке алу құжаттары бұрынғы іздеу бастамашысы туралы, іздеу ісінің нөмірі және жүргізілген күні туралы мәліметтерді хабарлаумен, іздеу істерінің материалдарын біріктіру және іздеу жүргізетін органды анықтау жөніндегі мәселені шешу үшін іздеу бастамашысына қайтарылуы тиіс.";
келесі мазмұндағы 89-2 тармағымен толықтырылсын:
"89-2. Ізделушімен аты-жөндерінің өзгертілуі жағдайында, іздеуді жүзеге асырушы орган оны әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, аумақтық органға хабарлайды, және осы Қағиданың 86-тармағымен қаралған тәртіпте іздеу кәртішкелерін ұсынады, сондай-ақ, егер ізделуші мемлекетаралық іздеуге жарияланған болса - ізделушінің кейінгі аты-жөндері бойынша есепке алынуы үшін осы Қағиданың 87-тармағымен қаралған тәртіпте мемлекетаралық іздеу жариялау туралы қаулылар ұсынылады. Есепке алу кезінде әрбір текке ізделушінің басқа тектері бойынша белгі қойылады.";
91-тармақта:
бірінші азат жолда "оның нақтылығын тексеру кезінде келесі іс жүргізудің немесе басқасының бірінің болуына назар аудару қажет" сөздері "Сонымен қатар, қаулымен бірге әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, аумақтық органға нақтылығын тексеру үшін мыналардың бірі ұсынылады" сөздерімен ауыстырылсын;
1) тармақшада "изолятордың" сөзінен соң "және арнайы дәрігерлік мекеменің" сөздерімен толықтырылсын;
5) тармақшада "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) қылмыстық істі ТМД мүше мемлекеттерінің біріне жолдау туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шығыс нөмірінің белгісімен 1.1. нысанды статистикалық кәртішке.";
сегізінші азат жол келесі редакцияда жазылсын:
"Іздеудің қысқартылуы туралы қаулының артқы бетінде әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, аумақтық орган қызметкерімен 1.1 нысанды статистикалық кәртішкенің ұсынылу күні туралы жазба және бұрын тоқтатылған қылмыстық іс бойынша өндірістің жаңғыртылуы туралы белгі немесе 3.0 нысанды статистикалық кәртішкенің ұсынылу күні туралы белгі және ізделушінің ұсталғанына байланысты істің сотқа жолдануы туралы белгі, не болмаса ізделушіні тергеу абақтысына, арнайы дәрігерлік мекемеге қамауы туралы жазба көрсетіледі.";
93-тармақта "халықаралық іздеу" сөздерінен соң "немесе халықаралық іздеудің қысқартылуы" сөздерімен толықтырылсын;
94-тармақ алып тасталсын;
95-тармақта:
екінші азат жол келесі редакцияда жазылсын:
"Іздеу ісін қайта тапсыру туралы шешім қабылданғаннан кейін қылмыстық қудалау органы Комитетке, сондай-ақ әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, аумақтық органға ілеспе хаттардың көшірмелерін есепке алуда тиісті түзетулер енгізу үшін жолдайды.";
96-тармақта:
1) тармақшада "өзі туралы мәліметтерді хабарлай алмайды" сөздерінен соң "(бұдан әрі ауру адамдар немесе балалар)" сөздерімен толықтырылсын;
98-тармақта:
5) тармақшада "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) ізделушіге арналған статистикалық кәртішке (N 28 қосымша).";
сегізінші азат жол келесі редакцияда жазылсын:
"Хабарсыз жоғалған тұлғаларға қатысты іздеу істерін және анықталмаған мәйіттердің тұлғаларын анықтау бойынша істерді, белгісіз ауру адамдарды немесе балаларды тіркеу әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, аумақтық органмен немесе аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардан орын ауыстырып келген олардың қызметкерлерімен хабарсыз жоғалған тұлғаларға арналған іздеу істерін, денсаулық жағдайлары немесе жас ерекшеліктері бойынша өздері туралы мәліметтерді хабарлай алмайтын белгісіз ауру адамдарды немесе балаларды есепке алу (N 26 қосымша) журналдарында, және анықталмаған мәйіттердің тұлғасын анықтау бойынша істерді есепке алу (N 27 қосымша) журналдарында жүргізіледі.";
тоғызыншы азат жол алып тасталсын;
оныншы азат жолда "орыс тілінде жүзеге асырылады" сөздерінен соң "мәліметтерді қысқартусыз," сөздерімен толықтырылсын;
100-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"100. Хабарсыз жоғалған тұлғаға қатысты іздеу қысқартылған жағдайда, жедел-іздеу қызметін жүзеге асырушы орган іздеудің қысқартылуы туралы қаулы шыққан сәттен бастап 3 тәуліктен кешіктірмей, әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, аумақтық органға іздеудің қысқартылуы туралы қаулының екі данасын жолдайды, ал анықталмаған мәйіттерге, ауру адамдарға немесе балаларға қатысты - есептен алу туралы хабарламаны жолдайды.
Іздеуді қысқарту туралы қаулыда, есептен алу туралы хабарламада іздеу ісінің, жеке тұлғаны анықтау бойынша істің қысқартылуының негізділігі мен заңдылығын нақтылайтын қадағалаушы прокурордың (оның орынбасарының) елтаңбалық мөрмен басылған қолы қойылады.
Әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, аумақтық орган 5 жұмыс күні ішінде аталған құжаттарды Комитетке ұсынады, есепке алуда түзету енгізілгеннен соң аталған құжаттар ХАБ жолданады.
Іздеуді қысқарту туралы қаулыда іздеудің қысқартылуы туралы қабылданған шешімнің себебі жазылады. Мәйітті анықтаумен байланысты іздеудің қысқартылуында, оның табылған жері және тұлғасын анықтау бойынша іс жүргізілуінің нөмірі мен күні көрсетіледі.
Сотпен тұлғаның өлгені туралы хабарланған жағдайда, іздеуді қысқарту туралы қаулыға тиісті сот шешімі жазылады.
Белгісіз балаларға қатысты іздеу ісінің қысқартылу негізі олардың танылуы немесе баланы асырап алуы болып табылады. Бұл жағдайда әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, аумақтық органға тиісті хабарлама жолданады.";
102 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"102. Хабарсыз жоғалған тұлғаға қатысты іздеу ісінің қайта тапсырылуы туралы шешімнің қабылдануы жағдайында, ішкі істер органы ілеспе хаттардың көшірмелерін Комитетке және оның әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, тиісті аумақтық органдарына есепке алуда өзгерістер енгізу үшін жолдайды.
Хабарсыз жоғалған тұлғаны халықаралық іздеуге жариялау кезінде немесе халықаралық іздеудің Қазақстан Республикасы Интерполдың Ұлттық бюросымен қысқартылуында Комитетке және оның әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, тиісті аумақтық органдарына есепке алу мәліметтерін түзету үшін хабарлама жолданады.";
103-тармақта:
бірінші азат жол келесі редакцияда жазылсын:
"103. Есепке алу толықтығы әскери және көліктік аумақтық органдармен қатар, аумақтық органмен тоқсан сайынғы тексерулер, Сот медицина орталығы филиалдарымен, дәрігерлік мекемелермен, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және ақтау орталығымен қарсы тексерулер жүргізу жолымен қаматамасыз етіледі.";
екінші азат жол алып тасталсын;
үшінші азат жолда "Толықтық бақылауы" сөздері "Толықтығына бақылау" сөздерімен ауысырылсын, "жолымен" сөзінен соң "жүргізу" сөзімен толықтырылсын;
107-тармақта:
келесі мазмұндағы үшінші азат жолмен толықтырылсын:
"Өндірісінде тиісті іс орын тапқан органмен анықталмаған мәйіттің таңбасын алуға мүмкіндік болмаса, қолдары суреттелген фотосуреттердің жапсырылуымен және мөрдің басылуымен мәйіттің жағдайы туралы орган бастығының қолы қойылған анықтама құрылады.";
109-тармақта:
төртінші азат жол келесі редакцияда жазылсын:
"Комитетпен хабарсыз жоғалғандарға қатысты тану картасы мемлекетаралық іздеу жариялау туралы қаулымен бір мезгілде ХАБ жолданады.";
келесі мазмұндағы бесінші азат жолмен толықтырылсын:
"Азаматтардың анықталмаған мәйіттеріне, сонымен қатар қылмыс құрбандарына арналған тану карталары іздеу ісін жүргізген сәттен бастап 3 ай мерзімі ішінде ХАБ орталықтандырылған есепке алынуы үшін жолданады. Басқа есепке алу құжаттары ХАБ бір айда екі рет жолданады.";
келесі мазмұндағы 113-1 тармақпен толықтырылсын:
"113-1. Арнайы қорда сақталуға тиісті емес ақпараттық есепке алу құжаттары акті бойынша жойылады (Қағиданың 17-қосымшасы).";
14-тармақ Қағиданың 5-қосымшасына "сонымен қатар, ___ мерзімге шартты-мерзімнен бұрын босатуды алып тастаумен байланысты" сөздерімен толықтырылсын;
Қағиданың 9-қосымшасына келесі мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
"22. Қазақстан Республикасының аумағында сотталған және айыпталушылар ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылған шетел азаматтары мен азаматтылығы жоқ тұлғалар бап біліктілігіне байланыссыз ХАБ орталықтандырылған есебіне міндетті түрде алынулары тиіс.";
Қағиданың 10-қосымшасына:
8-тармақта "сотқа дейінгі өндіріс сатысында" сөздері алып тасталсын;
10-тармақтың екінші азат жолы алып тасталсын;
Қағиданың 3, 6, 22, 23 қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес редакцияда 24-1 қосымшасымен толықтырылсын;
25-қосымшада журналдың атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Тергеуден, анықтаудан, соттан және жазасын өтеуден жасырынған тұлғаларға арналған іздеу істерін есепке алу журналы";
осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес редакцияда 28-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуі үшін;

2 2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуындағы бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Комитет Төрағасына (Г.В. Ким) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.

1 ІЗДЕУ КӘРТІШКЕСІ

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2006 жылғы 19 қыркүйектегі
N 52 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2004 жылғы 29 сәуірдегі
N 23 бұйрығымен бекітілген
"Арнайы есепке алудың
жекелеген түрлерін жүргізу
мен пайдаланудың
Қағидасына" N 3 Қосымша
ІЗДЕУ КӘРТІШКЕСІ
Тегі________________________________________________________________
Аты_________________________________________________________________
Әкесінің аты________________________________________________________
Туылған күні, айы, жылы ____________________________________________
Туылған жері _______________________________________________________
Жынысы___________________________ұлты ______________________________
Жеке басын анықтайтын құжат: төлқұжат, жеке куәлік, әскери билет,
туу туралы куәлік
N_____"___" ___________________ _______ жылы ______________берілген.
      (жеке куәлік немесе төлқұжатты берген органның атауы)
Дактилоскопиялық формуласы__________________________________________
______________________________________________ аумағында жасырынды.
        (облыс, қала, аудан, елді мекен)
Іздеудің себебі:____________________________________________________
Қылмыс түрі __________________________________________ _________бап.
Бұлтартпау шарасы___________________________________________________
Қылмыстық іс N _________________"__" _____________ 200__жылы
Тоқтатылды "__" _____________ 200__жылы________________ "__"________
200__жылы N________ іздестіру ісі ашылды.
(іздеу жариялау туралы қаулы шығарылған күн)
Іздестіру ____________ ІІМ (ІІБ), ҚПА (КПД), ҰҚК (ҰҚКД) жүргізілуде.
            (облыс)
____________________________________ келіп түсті (қайта тапсырылды).
Кәртішкесі________________________________________________ толтырды.
                       (қызметі, шені, тегі)
Бастық_____________________________________________________________
                     (органның атауы, шені, тегі)
"___" ______________ 200__ ж. ___________________________
                                       (қолы)
(140 х 95 мөлшер)

2 Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының
2006 жылғы 19 қыркүйектегі
N 52 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2004 жылғы 29 сәуірдегі
23 бұйрығымен бекітілген
"Арнайы есепке алудың
жекелеген түрлерін жүргізу
мен пайдаланудың
Қағидасына" N 6 Қосымша
N
р/н
Әді­лет ор­га­ны­ның
ата­уы
Анық­тау мә­лі­мет­те­рін өзгер­ту бой­ын­ша жү­гін­ген аза­мат­тың аты-жө­ні, ту­ған кү­ні, же­рі
Аза­мат­тың аты-жө­ні, ұл­ты, ту­ған кү­ні, ту­ған же­рі (4 және 5  бa­ған­дар­да тек өзгер­ті­лу­ге ти­іс­ті анық­тау мә­лі­мет­те­рі тол­ты­ры­ла­ды)
Же­ке ку­ә­лік, төл­құ­жат бе­ру­ге ар­нал­ған 1-н. өті­ніш нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
________________________________ бастығы
(орган мөрі, лауазымы, тегі, қолы)

3 БАҚЫЛАУ КӘРТІШКЕСІ

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2006 жылғы 19 қыркүйектегі
N 52 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2004 жылғы 29 сәуірдегі
23 бұйрығымен бекітілген
"Арнайы есепке алудың
жекелеген түрлерін жүргізу
мен пайдаланудың
Қағидасына" N 22 Қосымша
Есепке алу нысаны_________________________________________
БАҚЫЛАУ КӘРТІШКЕСІ
Тегі _____________________________________________________
Аты, әкесінің аты_________________________________________
Туған күні _______________________________________________
Туған жері _______________________________________________
            (елді мекен, аудан, облыс, өлке, республика)
Жоғалды "___" ___________200__ж.
Ізделуде ______________________________________________
(АІІБ, қалалық ішкі істер органдарымен, ІІББ, ІІМ,
әскери полиция органдарымен)
Іздеу ісі N  ___________________ ______________________
Ішкі істер органының бастығы_____________________________
                      (органның атауы, атағы, тегі, қолы)
"__"__________200__ж.
                        (140х95 мөлшер)
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2006 жылғы 19 қыркүйектегі
N 52 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2004 жылғы 29 сәуірдегі
23 бұйрығымен бекітілген
"Арнайы есепке алудың
жекелеген түрлерін жүргізу
мен пайдаланудың
Қағидасына" N 23 Қосымша
мәйітті, белгісіз ауру адамды немесе баланы
есептен алу туралы
ХАБАРЛАМА
Есепке алудың іздеу мәліметтері: а)____________________
(есепке алу нысаны)
б)_________________________________________________________________
(тану картасында көрсетілгендей табылған күні мен жері
___________________________________________________________________
танылғанның аты-жөні, туған жылы) жоғалған тұлға, белгісіз ауру
адам немесе бала ретінде есепке алынды
___________________________________________________________________
(республика, өлке, облыс)
Жоғалған тұлға, белгісіз ауру адам немесе бала ретінде есепке
алынған жоқ (керегін сызып қою)
2. Есептен алу негізі - танылды
(керегін сызып қою) - өтіп кету бойынша іс
қысқартылды
- баланы асырап алумен байланысты
- тұлға анықталды
3. Қайтыс болу себебі - ауруы нәтижесінде қайтыс болды
- жазатайым оқиғасынан қаза болды
- қылмыс құрбаны болды
- өзін-өзі өлтіруге байланысты
4. Анықтау әдістері
(керегін сызып қою) - хабарсыз жоғалған тұлғаларды
есепке алу бойынша анықталды
- дактилоскопиялық есепке алу
бойынша анықталды
- мәйіттер белгілерінің және
суреттерінің жинақ-бағдары
бойынша анықталды
- басқа да белгілер
5. Тұлғаны анықтау бойынша іс N_________ _________
6. Тұлғаны тану (анықтау) күні ________________________________
Ішкі істер органының бастығы __________________________________
_______________________________________________________________
(органның атауы, атағы, тегі, қолы)
"____" ________________200__ж.
_______________________________________________________________
(Қадағалаушы прокурордың аты-жөні, лауазымы және
қолы, прокуратура органдарының мөрі)
(210х145 мөлшер)

4 АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2006 жылғы 19 қыркүйектегі
N 52 бұйрығына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2004 жылғы 29 сәуірдегі
23 бұйрығымен бекітілген
"Арнайы есепке алудың
жекелеген түрлерін жүргізу
мен пайдаланудың
Қағидасына" N 24-1 Қосымша
АНЫҚТАМА
Азамат(ша) ______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты
___________________________________________________________________
күні (күнін, айын және жылын белгілеумен)
___________________________________________________________________
және туған жері
200__жылдың "__"_______ жағдайы бойынша соттылығы бар.
___________________________________________________басқарма бастығы
(Комитеттің аумақтық органының, құрылымдық
___________________________________________________________________
бөлімшесінің атауы, қолы, аты-жөні)
(210 х 147,5 мөлшер)

5 ІЗДЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН СТАТИСТИКАЛЫҚ КӘРТІШКЕ

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2006 жылғы 19 қыркүйектегі
N 52 бұйрығына 6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2004 жылғы 29 сәуірдегі
23 бұйрығымен бекітілген
"Арнайы есепке алудың
жекелеген түрлерін жүргізу
мен пайдаланудың
Қағидасына" N 28 Қосымша
ІЗДЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН СТАТИСТИКАЛЫҚ КӘРТІШКЕ
1.  Тұл­ға са­на­ты - (сырт­қы бе­тін қа­ра)
2. Жа­сы­рын­ды/жо­ғал­ды "___"_______________20___ж.
3. ТЕ­ГІ: ________________________
4. АТЫ: _________________________
5. ӘКЕ­СІ­НІҢ АТЫ:_________________
8. Ұл­ты _________________________
10. Аза­мат­ты­лы­ғы ________________
6. Ту­ған кү­ні: "__"_______________20_ж.
7. Жы­ны­сы: (ер-1; әй­ел-2)
9. Нә­сіл­дік ти­пі (ази­я­лық - 1; ев­ро­па­лық - 2; кав­каз­дық - 3)
ТУ­ҒАН ЖЕ­РІ
11. Рес­пуб­ли­ка __________________
12. Об­лыс ___________________
13. Аудан _______________________
14. Ел­ді-ме­кен ______________
ЖЕ­КЕ ТҰЛ­ҒА­СЫН КУ­ӘЛАН­ДЫ­РА­ТЫН ҚҰ­ЖАТ
15. Құ­жат ти­пі - (сырт­қы бе­тін қа­ра
16. Се­ри­я­сы­________ N___________
17. Бе­рі­л­ген кү­ні "____"_____________20___ж
20. ҚІ қоз­ға­ған ор­ган­ның ата­уы _________________________________
21. ҚІ нө­мі­рі ___________________
23. ҚІ тоқ­та­ты­л­ған кү­ні "____" _________________20___ж.
25.ҚР ҚК ба­бы ___________________ бө­лі­гі ____ тар­ма­ғы­___ __________
26. Қыл­мыс са­на­ты
(1-аса ауыр, 2-ауыр, 3-ауыр­лы­ғы ор­та­ша, 4-он­ша ауыр емес)
28. Қа­ру­лы (1-иә/2-жоқ)
30. Аса қа­уіп­ті ре­ци­ди­вист (1-иә/2-жоқ)
31. Із­деу ба­ста­ма­шы­сы (ата­уы) __________________________________
32. Ба­ста­ма­шы­ның із­деу ту­ра­лы ше­шім­ді шы­ғар­ған кү­ні "___"_________________20___ж.
33. ӨТК тір­ке­ген ор­ган __________
_________________________________
34. N ӨТК _______________________
36. Із­де­уді жү­зе­ге асы­ру­шы ор­ган (ор­ган­ның ата­уы) ________________
37. ІІ нө­мі­рі ___________________
39. ІІ жүр­гі­зіл­ді (1-ал­ғаш­қы рет; 2-қай­та тап­сы­рыс бой­ын­ша)
Аумақ­та жа­сы­рын­ды/жо­ғал­ды:
40. Ел __________________________
42. Аудан _______________________
18. Ел ______________________
19. Ор­ган ___________________
22. ҚІ қоз­ғал­ған кү­ні "____"________________20___ж.
24. КПБ(Б)/КҚПБ(Б) бе­ріл­ді "____"_______________20___ж.
27. Бұл­тарт­пау ша­ра­сы _______
29. Бұ­рын сот­тал­ған (1-иә/2-жоқ)
35. ӨТК тір­ке­ген күн "____"_______________20___ж.
38. ІІ жүр­гі­зу кү­ні "____"________________20___ж.
41. Об­лыс ___________________
43. Ел­ді-ме­кен_______________
ҚАЙ­ТА ТАП­СЫ­РЫ­Л­ҒАН ІЗ­ДЕУ ІСІ БОЙ­ЫН­ША ТОЛ­ТЫ­РЫ­ЛА­ДЫ
44. _____________________________
(ор­ган­ның ата­уы)
_________________________________
қай­та тап­сы­рыл­ды
45. Қай­та тап­сы­ры­л­ған із­деу іс­і­нің нө­мі­рі____________________
47. МГР жа­ри­я­лау кү­ні  "____"___________________20___ж.
48. Қо­сым­ша ақ­па­рат _____________
Кәр­тіш­ке­нің ҚСжА­ЕК ке­ліп түс­кен кү­ні "_____"__________20___ж.
ҚСжА­ЕК қыз­мет­ке­рі________________
_________________________________
Тол­тыр­ды­_________________________
(ла­у­а­зы­мы, ата­ғы, те­гі)
______________________І­ІО ба­стығы
_________________________________
(ата­ғы, те­гі)
________________________о­пе­ра­то­ры
46. Қай­та тап­сы­ры­л­ған із­деу іс­і­нің жүр­гі­зу кү­ні
"____"________________20___ж.
Аты-жө­ні., қо­лы
_____________________________
(қо­лы)
"___"_________________20___ж.
_____________________________
(қо­лы)
"___"_________________20___ж.
"___"_________________20___ж.
К п. 1:  ТҰЛ­ҒА СА­НА­ТЫ: Бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру ор­ны­нан қаш­қан ҚЫЛ­МЫС­КЕР (110-ТМ, 121-тер­геу изо­ля­то­ры­нан, 132-абақ­ты­дан, 143-УҰИ, 154-ӘК, ко­ло­ния-қо­ны­стан - 165); АБАҚ­ТЫ­ДАН (по­ли­ци­ядан - 187, әс­ке­ри на­ряд­тан - 198); ҚАШ­ҚЫН - 220; ЖА­ЗА­СЫН ӨТЕ­УДЕН ЖАЛ­ТАР­ҒАН (бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру­ға сот­тал­ған, бі­рақ үкім­нің заң­ды кү­шіне ен­ге­ніне дей­ін қа­мау­ға алын­ба­ған - 231; тү­зеу жұ­мыста­ры­на тар­ты­л­ған - 275; үкім­нің орын­да­луы ұзар­ты­л­ған сот­та­лушы­ға қа­ты­сты - 286); ЖА­СЫ­РЫН­ҒАН (тер­ге­уден - 297; анық­та­удан - 298; сот­тан - 299); ҚАШ­ҚАН (ар­найы ем­деу-про­фи­лак­ти­ка­лық ме­ке­ме­ден АЕ­ПМ - 319; ар­найы оқы­ту-тәр­би­е­леу ме­ке­ме­сі­нен - 330; қа­бал­дау-та­ра­ту­дан - 341; жүй­ке жүй­е­сі ау­ру­ха­на­сы­нан - 352); ӘКІМШ.ҚА­ДА­ҒА­ЛА­УДАН ЖАЛ­ТАР­ҒАН - 363, со­ны­мен қа­тар, ТМ боса­ты­л­ға­ны­нан кей­ін таң-н тұрғ. же­ріне орал­ма­ған әкімш. қа­да­ға­ла­у­ға алын­ған­дар - 374, со­ны­мен қа­тар ТЕМ боса­ты­л­ға­ны­нан соң тұғ.ор­ны­на орал­ма­ған АСА АУЫР РЕ­ЦИ­ДИ­ВИСТ - 385;
ХА­БАР­СЫЗ ЖО­ҒАЛ­ҒАН - 396; ав­то­кө­лік­те ха­бар­сыз жо­ғал­ған - 397; мем. нем.қоғ.ұй­ым­дар­ға за­лал­ды өте­уден жал­тар­ған қарыз­гер неме­се жа­у­ап­кер - 407; али­мент­тер­ді өтеу ту­ра­лы іс­тер бой­ын­ша - 418; туы­сқан­да­ры­мен бай­ла­ны­сты жо­ғал­тқан­дар - 440
К п. 15: ҚҰ­ЖАТ ТҮ­РІ: 1-ҚР төл­құ­жа­ты, 2-же­ке ку­ә­лі­гі, 3-әс­ке­ри би­ле­ті, 4-ық­ти­яр ха­ты, 5-зей­нет­кер ку­ә­лі­гі, 6-жүр­гі­зу­ші­нің ку­ә­лі­гі, 7-туу ту­ра­лы ку­ә­лік, 8-РФ ку­ә­лі­гі (жа­ңа), 9-Өзбек­стан төл­құ­жа­ты, 10-СССР төл­құ­жа­ты, 11-ше­тел төл­құ­жа­ты, 12-Т/Ж ку­ә­лі­гі, 13-төл­құ­жат­ты жо­ғал­ту ту­ра­лы ку­ә­лік, 14-қа­мауда­ғы­ның анық­та­ма­сы, 15-Қыр­ғыз­стан төл­құ­жа­ты (се­ри­я­сы), 16-ше­тел мем­ле­ке­ті­нің төл­құ­жа­ты (се­ри­я­сы, т.б.), 17-қа­ру ұстау рұқ­са­ты, 18-әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің же­ке ку­ә­лі­гі, 19-ІІМ қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет­тік ку­ә­лі­гі, 20-ҰҚК қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет­тік ку­ә­лі­гі, 21-Қар­жы по­ли­ци­я­сы қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет­тік ку­ә­лі­гі, 22-Пре­зи­дент­ті қор­ғау қыз­ме­ті қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет­тік ку­ә­лі­гі, 23-ке­ден қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет­тік ку­ә­лі­гі, 24-"БАР­ЛАУ" қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет­тік ку­ә­лі­гі, 25-де­пу­тат­тық ман­дат, 26-тех­ни­ка­лық төл­құ­жат, 27-се­нім­хат, 28-аң­шы­лық би­лет, 29-рұқ­сат­та­ма, 30-рұқ­сат (ли­цен­зия ), 31-ма­ра­пат ку­ә­лі­гі, 32-Чер­но­быль ава­ри­я­сы за­рдап­та­рын жо­ю­ға қа­ты­су­шы­ның ку­ә­лі­гі, 33-Отан со­ғы­сы ар­да­ге­рі­нің ку­ә­лі­гі, 34-Отан со­ғы­сы мү­ге­де­гі­нің ку­ә­лі­гі, 35-мү­ге­дек ку­ә­лі­гі, 36-Ауға­ны­стан со­ғы­сы­на қа­ты­су­шы­ның ку­ә­лі­гі, 37-шарт, 38-ке­лі­сім­шарт, 39-ке­лі­сім, 40-неке құ­ру ту­ра­лы ку­ә­лік, 41-қай­тыс болға­ны ту­ра­лы ку­ә­лік, 42-ди­плом, 43-то­лық ор­та бі­лім ту­ра­лы ат­те­стат, 44-то­лық емес ор­та бі­лім ту­ра­лы ат­те­стат, 45-СССР неме­се РФ ше­тел төл­құ­жа­ты, 46-ше­тел құ­жат­та­ры, со­вет­тік үл­гі­де­гі емес ТМД аза­мат­та­ры­ның төл­құ­жа­тын қо­са, 47-бас­қа­лар, 48-фор­му­ляр

Қолданыстағы