О внесении изменений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 29 ноября 2004 года № 236 "Об утверждении Правил организации обслуживания пассажиров в аэропортах Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 29 ноября 2004 года № 236 "Об утверждении Правил организации обслуживания пассажиров в аэропортах Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 29 қарашадағы N 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 09.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2011 AI45825_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005673_
- ЭКБ идентификаторы
- 45825
- Редакция идентификаторы
- AI45825_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:26
0 "Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 29 қарашадағы N 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсету тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 29 қарашадағы N 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3276-нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 1-тармағының 26-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Азаматтвқ авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 1-тармағының 26-4) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
7-тармақта :
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) рейсті тіркеу агенті науқас жолаушыларға қызмет көрсету кезінде авиабилеттің және осындай жолаушыны тасымалдау шарттарына қойылатын арнайы талаптар көрсетілген, оны әуе көлігімен тасымалдауға рұқсаты бар медициналық қорытындының болуын тексереді, содан кейін жалпы ережелерге сәйкес тасымалдау құжаттарын ресімдейді.
Мүгедектігі бар, соның ішінде орындық-арбаны пайдаланатын адамдарға қызмет көрсетілген кезде рейсті тіркеу агенті олардың қажеттілігін барынша ескеретін әуе кемесінің салонындағы арнайы белгіленген орындарды авиакомпания өкілінің келісімі бойынша бөледі";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) көз жанары бойынша мүгедектігі бар және жетектегіш итке ілесіп жүретін жолаушыны тіркеу кезінде оған орындықтардың артқы қатарларынан орын бөлінеді. Жетектегіш ит үшін ветеринарлық сертификат және арнайы үйретуден өткендігі туралы сертификат көрсетіледі. Итке тұмылдырық кигізілуі және оның қарғыбауы болуы тиіс.";
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) науқасты немесе мүгедектігі бар жолаушыны тасымалдау кезінде тіркеу желісі бойынша тиісті рәсімдерді жүргізгеннен кейін авиакомпания/әуежай өкілі оларды әуе кемесіне (кемесінен) дейін алып жүреді және барлық құжаттармен бірге оны/оларды тікелей экипажға тапсырады.
Орындық-арбаны пайдаланатын тұлғаларды тасымалдау кезінде авиакомпания/әуежай өкілі оларды әуе кемесінің салонына жеткізу үшін арнайы арба ұсынуы тиіс.
Авиакомпания/әуежай өкілі мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әуе кемесіне отырғызуды жолаушылардың негізгі бөлігін отырғызуды жариялағанға дейін бірінші кезекте және әуе кемесінен түсіруді соңғы кезекте жүргізеді.";
10-тармақта :
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) агент тасымалдау кезіндегі барлық жарамсыздықтар бойынша тасымалдаушының өкілінің қатысуымен тасымалдау кезіндегі багаждың жарамсыздығы туралы акті PIR (Property Irregularity Report) (бұдан әрі - PIR акті) жасайды. Багаж келмеген/зақымдалған жағдайда жолаушының өтініші мен билеті акті жасау үшін негіз болып табылады".