О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2006 года N 343 и от 25 августа 2006 года N 817
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2006 года N 343 и от 25 августа 2006 года N 817
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 343 және 2006 жылғы 25 тамыздағы N 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1094
- Қабылданған күні
- 19.11.2007
- Көрсетілген редакция
- 25.07.2016 AI35783_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070001094_
- ЭКБ идентификаторы
- 35783
- Редакция идентификаторы
- AI35783_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:48
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 343 және 2006 жылғы 25 тамыздағы N 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 149-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесінде:
4-тармақтың тоғызыншы абзацында "орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың үшінші абзацында ", олардың ведомстволарының" деген сөздер алынып тасталсын;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.25 № 964 Қаулысымен;