О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 декабря 2006 года N 658 "Об утверждении Правил периодической аттестации специалистов, осуществляющих фармацевтическую деятельность", зарегистрированного в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 25 января 2007 года N 4525
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 декабря 2006 года N 658 "Об утверждении Правил периодической аттестации специалистов, осуществляющих фармацевтическую деятельность", зарегистрированного в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 25 января 2007 года N 4525
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 қаңтардағы N 4525 тіркелген "Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 658 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 372
- Қабылданған күні
- 19.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2009 AI34118_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004801_
- ЭКБ идентификаторы
- 34118
- Редакция идентификаторы
- AI34118_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:30
0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 қаңтардағы N 4525 тіркелген "Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 658 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
"Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 658 бұйрығына (Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 25 қаңтардағы N 4525 тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетені" журналында жарияланған, N 2, 2007 жыл) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесінде:
1-тарауда:
5-тармақта "фармацевтикалық қызмет объектілерін жоғары, орта фармацевтикалық білімі бар" деген сөздер "фармацевтикалық қызмет объектілері мен медицина ұйымдарында жоғары, орта фармацевтикалық білімі бар, сондай-ақ дәрілік заттарды өндірумен айналысатын фармацевтикалық қызмет объектілерінде химиялық-технологиялық, химиялық білімі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 1 абзацында "заттар" деген сөздерден кейін "медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақта "денсаулық сақтау ұйымдары" деген сөздер "фармацевтикалық қызмет объектілері мен медицина ұйымдарында, сондай-ақ дәрілік заттарды өндірумен айналысатын фармацевтикалық қызмет объектілерінде химиялық-технологиялық, химиялық білімі бар мамандар" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақта "бір жылда" деген сөздер "жылына бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын.