О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 декабря 2006 года N 658 "Об утверждении Правил периодической аттестации специалистов, осуществляющих фармацевтическую деятельность"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 декабря 2006 года N 658 "Об утверждении Правил периодической аттестации специалистов, осуществляющих фармацевтическую деятельность"
- Атауы (қаз.)
- "Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 658 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 229
- Қабылданған күні
- 24.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2009 AI39461_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005209_
- ЭКБ идентификаторы
- 39461
- Редакция идентификаторы
- AI39461_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:33
0 "Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 658 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының Дәрілік заттар туралы " 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 658 бұйрығына (Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 25 қаңтардағы N 4525 тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетені" журналында жарияланған, N 2, 2007 жыл) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5-тармақта "2008 жылғы маусым" деген сөздер "2009 жылғы қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесінде :
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Аттестаттауды дәрілік заттар айналымы саласында бақылаушы және іске асырушы функцияларды жүзеге асыратын дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері құратын аттестаттау комиссиялары (бұдан әрі - аттестаттау комиссиясы) жүргізеді";
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Біліктілік емтихан тапсырып, санаты берілген мамандар аттестаттаудан өтуден босатылады.";
11-тармақ алынып тасталсын;
12-тармақта "өңірлік" деген сөз алынып тасталсын;
13 және 14-тармақтар алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) аттестатталатын адамның жұмыс берушінің - Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
6) аттестатталатын адамның жұмыс берушісінің (егер аттестатталатын адамның жұмыс берушісі заңды тұлға болса) - статистикалық карточкасының көшірмесі".