О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 29 мая 2006 года № 23-10-482п "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов города Астаны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 29 мая 2006 года № 23-10-482п "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов города Астаны"
- Атауы (қаз.)
- "Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-1148п
- Қабылданған күні
- 06.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2016 56619_138153.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10A0000659
- ЭКБ идентификаторы
- 56619
- Редакция идентификаторы
- 56619_138153
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:48
0 "Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 441 болып тіркелді, "Астана хабары" газетінде 2006 жылғы 24 маусымдағы 96-98; "Вечерняя Астана" газетінде 2006 жылғы 20 маусымдағы 91 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы";
1-тармақтағы "орындарына квота" деген сөздер "орындарының квотасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.".