Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Астаны от 29 мая 2006 года № 23-10-482п "Об установлении квоты рабочих мест в городе Астане"

Қаулы · № 158-636 · қабылданған 24.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2006-no-23-10-482/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Астаны от 29 мая 2006 года № 23-10-482п "Об установлении квоты рабочих мест в городе Астане" Күшін жойған Қаулы ·№ 158-636 ·24.05.2012
16.11.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Астаны от 29 мая 2006 года № 23-10-482п "Об установлении квоты рабочих мест в городе Астане"

Күшін жойған Қаулы ·№ 158-636 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Астаны от 29 мая 2006 года № 23-10-482п "Об установлении квоты рабочих мест в городе Астане"
Атауы (қаз.)
"Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ Астана қаласы әкімдігінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
158-636
Қабылданған күні
24.05.2012
Көрсетілген редакция
16.11.2016 66187_138149.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12A0000731
ЭКБ идентификаторы
66187
Редакция идентификаторы
66187_138149
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:11

0 "Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ Астана қаласы әкімдігінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне пробация қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңының 1-бабы 10-тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ Астана қаласы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 441 болып тіркелген; 2006 жылғы 24 маусымдағы № 96-98 «Астана хабары»; 2006 жылғы 10 маусымдағы № 91 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-1-тармағы мына редакцияда жазылсын:
«1-1. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызды мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.»;
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-2-тармағымен мына редакцияда толықтырылсын:
«1-2. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызды мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.».

2 2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Қолданыстағы