О внесении дополнения и изменений в совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 29 ноября 2006 года № 276-ОД и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 1 декабря 2006 года № 318 "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сферах электро- и теплоэнергетики"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменений в совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 29 ноября 2006 года № 276-ОД и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 1 декабря 2006 года № 318 "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сферах электро- и теплоэнергетики"
- Атауы (қаз.)
- "Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 276-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы N 318 бірлескен бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 70-ОД
- Қабылданған күні
- 26.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2020 44942_447684.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005601_
- ЭКБ идентификаторы
- 44942
- Редакция идентификаторы
- 44942_447684
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:39
0
"Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 276-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы N 318 бірлескен бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ :
1
1. "Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 276-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы N 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4469 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 2 (316) нөмірінде жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:
1-тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары алып тасталсын;
2-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы "химиялық жолмен тазартылған суды, конденсатты, дистиллятты," деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтың 1), 2), 3), 6) тармақшалары алып тасталсын.