О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2006 года № 343 «Об утверждении Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов, эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан» и от 21 октября 2013 года № 1124 «Об определении интернет-ресурса, осуществляющего официальное опубликование нормативных правовых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, руководи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2006 года № 343 «Об утверждении Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов, эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан» и от 21 октября 2013 года № 1124 «Об определении интернет-ресурса, осуществляющего официальное опубликование нормативных правовых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, руководи
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 және «Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, орталық мемлекеттік орга
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 28.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2017 98581_287767.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000035
- ЭКБ идентификаторы
- 98581
- Редакция идентификаторы
- 98581_287767
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:50
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкін жүргізу ережесін бекіту туралы»
2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 және «Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың
нормативтік құқықтық актілерін, орталық мемлекеттік органдардың қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын,
мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ
әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің
нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қазандағы
№ 1124 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1
2
2) «Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, орталық мемлекеттік органдардың қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 839-құжат):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жариялану күні мен ақпараттық-құқықтық жүйенің атауын көрсете отырып, графикалық форматта қазақ және орыс тілдерінде түсетін, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актiлерін бес жұмыс күні ішінде ресми жариялауды;».