О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1351
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1351
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1351 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 375
- Қабылданған күні
- 20.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2015 AI44936_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000375_
- ЭКБ идентификаторы
- 44936
- Редакция идентификаторы
- AI44936_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:33
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1351 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторинг жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1351 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшадағы "қосымшаға" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес формула бойынша әрбір салымшы (алушы) бойынша жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына мониторингті жүзеге асырсын;";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне келесі 3 жылға арналған жылдық инфляцияның болжамды деңгейі туралы мәліметтерді ұсынсын.";
көрсетілген қаулыға қосымшада:
оң жақтағы жоғары бұрышындағы "Қосымша" деген сөз "1-қосымша" деген сөзбен ауыстырылсын;
"12" деген сандар "12,..." деген сандармен ауыстырылсын;
"І n < 100% болған кезде І n = 100%" деген жол алып тасталсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары сомаларын жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып есептеу формуласы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 375 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1351 қаулысына
2-қосымша
Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары сомаларын жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып есептеу формуласы
Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы инфляцияның жылдық болжамды деңгейі ескеріле отырып:
Z k =Z k-1 *(1+і k )+D k *(1+і k /2) формуласы бойынша есептеледі, мұнда
Z k - салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының k жылдағы инфляцияның болжамды деңгейі ескерілген сомасы, теңгемен;
і k - тұтыну бағаларының k жылдағы болжамды индексі;
D k - k жылдағы міндетті зейнетақы жарналары түсімдерінің сомасы, теңгемен;
k - болжамды жыл.