Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1353

Қаулы · № 756 · қабылданған 22.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2007-no-1353-ekb-46275/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1353 Күшін жойған Қаулы ·№ 756 ·22.05.2009
11.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1353

Күшін жойған Қаулы ·№ 756 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1353
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
756
Қабылданған күні
22.05.2009
Көрсетілген редакция
11.05.2014 AI46275_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000756_
ЭКБ идентификаторы
46275
Редакция идентификаторы
AI46275_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:02

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1353 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 626-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта "номенклатурасы" деген сөзден кейін "(бұдан әрі - номенклатура)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Номенклатурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізілген отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілер, отандық кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдар арасында осы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің 100 пайызы көлемінде жүргізіледі.
Осы талап номенклатурада көрсетілген және қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізілген біртекті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Егер осы қаулының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, онда номенклатурада көзделген және қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге әлеуетті өнім берушілер арасында жүргізіледі.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мұқтаждар үшін отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасында:
"Азық-түлікке жатпайтын тауарлар" деген 2-тармақта:
1), 2), 3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) үлбірден (табиғи, жасанды) тігілген киімдер және оның керек-жарақтары, үлбірден тігілген бас киімдер;
2) трикотаж өнеркәсібінің өнімдері;
3) тігін бұйымдары, арнайы және нысанды киім-кешектер;
7) құрылыс материалдары:
тұсқағаз қағазы (тұсқағаздар) және басқа да қабырға жабындары;
едендерге төселетін, пештерді қаптайтын тақталар;
кесілген ағаш материалдары;
ағаш бұйымдары;
шыны пакеттер;
санфаянс;
пенопластикалық тақталар;
пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есіктер, табалдырықтар, терезелер, кәсектер, терезе қақпақтары);
табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдары, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсейтін материалдар (қиыршық тастар, ұсақ тастар);
полиэтилен құбырлары;
жылу сақтайтын материалдар;
еден жабуға арналған линолеум және басқа да полимер материалдар;
шегелер;
қыш тақтайша және тақталар;
қыш, силикат әрлегіш кірпіш;
қыш, силикат, күл-қыш кірпіш;
табиғи, кварц құм;
шыны блоктар;
полиэтилен, шыны пластикалық, пластмасса, бетон, болат құбырлар;
лак-бояу материалдары;
керамогранит;
жоғары сапалы сүректен жасалған терезелер мен есіктер;
құрғақ құрылыс қоспалары;
металдан жасалған санитарлық-техникалық бұйымдар мен материалдар;
жылу радиаторлары;
жабын және су оқшаулағыш материалдар;
құрылыс битумы;
керіштен жасалған картон;
ұтқыр ғимараттар;
жоңқалы сүрек, талшықты сүрек, цементті-жоңқалы тақталар;
сэндвич-панельдер;
темір-бетон және бетон бұйымдары мен құрастырмалары;
армирленбеген бетоннан жасалған бұйымдар;
ұяшықты бетоннан және пенобетоннан жасалған қабырға блоктары, термоблоктар;";
16) және 28) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37) және 38) тармақшалармен толықтырылсын:
"29) дайын тоқыма бұйымдары;
30) өрт сендіргіштер;
31) орталық жылу қазандықтары;
32) кір жуатын орынға арналған кір жуғыш машиналар;
33) минералды тыңайтқыштар;
34) электротехникалық бұйымдар;
35) автокөлік құралдары:
жеңіл автомобильдер;
жүк автомобильдері;
жолаушылар автобустары;
36) өлшеу құралдары;
37) кәбілдік-өткізгіш өнімдер;
38) мүгедектерге арналған кресло-арбалар.".

2 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы