Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1371

Қаулы · № 124 · қабылданған 25.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2007-no-1371/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1371 Күшін жойған Қаулы ·№ 124 ·25.02.2010
28.09.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1371

Күшін жойған Қаулы ·№ 124 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1371
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
124
Қабылданған күні
25.02.2010
Көрсетілген редакция
28.09.2011 AI50863_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000124_
ЭКБ идентификаторы
50863
Редакция идентификаторы
AI50863_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:55

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 632-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесінде:
3 және 7-тармақтарды қоспағанда, барлық мәтін бойынша, «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті органның», «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «немесе әкімдік», «немесе әкімдікке», «немесе әкімдіктің», «немесе әкімдік» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «не оның аумақтық органына» деген сөздерден кейін «не облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігіне (бұдан әрі - әкімдік)» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «облыстардың, Астана және Алматы қалаларының орталық және жергілікті атқарушы органдарын» деген сөздер «орталық атқарушы органдарды немесе жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органның қорытындысында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүлік тиістілігінің белгіленген нормативтері мен лимиттерін ескере отырып, көрсетілген мүлікті бекітіп беру болжанатын мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - мемлекеттік заңды тұлға), сондай-ақ қабылданатын мүлікті ұстау және пайдалану бойынша қаржы шығындары көрсетілуі тиіс»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің меншік иесінің аталған мүлікті беру үшін нақты мемлекеттік заңды тұлғаны айқындауы Уәкілетті органның немесе әкімдіктің орындауы үшін міндетті болып табылмайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Орынды болған жағдайда республикалық меншікке мүлікті қабылдау туралы шешімді:
1) заңды және жеке тұлғалар мүлкінің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен астам болған кезде - уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) заңды және жеке тұлғалар мүлкінің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен кем болған кезде - уәкілетті орган қабылдайды;
Коммуналдық меншікке мүлікті қабылдау туралы шешімді әкімдік қабылдайды.»;
14-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы