Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1372 и от 1 марта 2010 года № 153

Қаулы · № 977 · қабылданған 24.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2007-no-1372-1-2010-no-153/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1372 и от 1 марта 2010 года № 153 Күшін жойған Қаулы ·№ 977 ·24.09.2010
30.01.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1372 и от 1 марта 2010 года № 153

Күшін жойған Қаулы ·№ 977 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1372 и от 1 марта 2010 года № 153
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
977
Қабылданған күні
24.09.2010
Көрсетілген редакция
30.01.2017 AI54601_10.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000977_
ЭКБ идентификаторы
54601
Редакция идентификаторы
AI54601_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:17

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
6, 7, 8-тармақтардағы "Еуро-2 экологиялық кезеңінде", "Еуро-3 экологиялық кезеңінде", "Еуро-4 экологиялық кезеңінде" деген сөздер тиісінше "2-экологиялық кезеңде", "3-экологиялық кезеңде", "4-экологиялық кезеңде" деген сөздермен, 14 және 15-тармақтардағы "Еуро-2 экологиялық кезеңі", "Еуро-3 экологиялық кезеңі", "Еуро-4 экологиялық кезеңі" деген сөздер тиісінше "2-экологиялық кезең", "3-экологиялық кезең", "4-экологиялық кезең" деген сөздермен, 16-тармақтағы "Еуро-2 экологиялық кезеңінің" деген сөздер "2-экологиялық кезеңнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
"17. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарының 3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестігін растау Техникалық регламентке 5-қосымша ескеріле отырып жүзеге асырылады.";
Техникалық регламентке 4-қосымшада:
тақырыбындағы "Еуро-2 экологиялық кезеңі" деген сөздер "2-экологиялық кезең" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Олардың шығарылу жылына байланысты Еуро-2 талаптарына сәйкестігі" деген бағандағы "Еуро-2" деген сөз "2-экологиялық кезеңнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Техникалық регламентке 5-қосымшамен толықтырылсын;
2) күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.12.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2 2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші, бесінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Автокөлік құралдары мен іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына қарай 3-экологиялық кезең бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2010 жы­л­ғы 24 қыр­күй­ек­те­гі
№ 977 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
5-қо­сым­ша
Автокөлік құралдары мен іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына қарай 3-экологиялық кезең бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның және (неме­се) олар­дың қоз­ғалт­қы­шта­ры­ның шы­ға­ры­л­ған елі
3-эко­ло­ги­я­лық ке­зең­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін кө­лік құ­рал­да­ры­ның шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Еуро­па­лық Од­ақ­қа кі­ре­тін,* бен­зин қоз­ғалт­қы­шта­ры
2001 жыл­дан ба­стап және одан кей­ін­гі
Еуро­па­лық Од­ақ­қа кі­ре­тін,* ди­зель­дер
2002 жыл­дан ба­стап және одан кей­ін­гі
АҚШ
2001 жыл­дан ба­стап және одан кей­ін­гі
Жа­по­ния
2005 жыл­дан ба­стап және одан кей­ін­гі
Ка­на­да
2004 жыл­дан ба­стап және одан кей­ін­гі
Үн­ді­стан
2010 жыл­дан ба­стап және одан кей­ін­гі
Қы­тай
2008 жыл­дан ба­стап және одан кей­ін­гі
Ко­рея
2003 жыл­дан ба­стап және одан кей­ін­гі
Ескертпе:
* Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония кіреді;
осы қосымшаны сәйкестікті растау рәсімін өткізу кезінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар қолданады.

Қолданыстағы