О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1372 "Об утверждении Технического регламента о требованиях к выбросам вредных (загрязняющих) веществ автотранспортных средств, выпускаемых в обращение на территории Республики Казахстан" и от 24 сентября 2010 года № 977 "О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1372 и от 1 марта 2010 года № 153"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1372 "Об утверждении Технического регламента о требованиях к выбросам вредных (загрязняющих) веществ автотранспортных средств, выпускаемых в обращение на территории Республики Казахстан" и от 24 сентября 2010 года № 977 "О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1372 и от 1 марта 2010 года № 153"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы" 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 737
- Қабылданған күні
- 30.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2017 AI59467_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000737
- ЭКБ идентификаторы
- 59467
- Редакция идентификаторы
- AI59467_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:05
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы" 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1
1) "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
14-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-экологиялық кезең - 2012 жылғы 1 қаңтардан;";
2
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 84-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші, бесінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".