Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1372 "Об утверждении Технического регламента о требованиях к выбросам вредных (загрязняющих) веществ автотранспортных средств, выпускаемых в обращение на территории Республики Казахстан"

Қаулы · № 97 · қабылданған 06.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2007-no-1372-ekb-70821/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1372 "Об утверждении Технического регламента о требованиях к выбросам вредных (загрязняющих) веществ автотранспортных средств, выпускаемых в обращение на территории Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 97 ·06.02.2013
30.01.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1372 "Об утверждении Технического регламента о требованиях к выбросам вредных (загрязняющих) веществ автотранспортных средств, выпускаемых в обращение на территории Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 97 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1372 "Об утверждении Технического регламента о требованиях к выбросам вредных (загрязняющих) веществ автотранспортных средств, выпускаемых в обращение на территории Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
97
Қабылданған күні
06.02.2013
Көрсетілген редакция
30.01.2017 AI70821_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000097
ЭКБ идентификаторы
70821
Редакция идентификаторы
AI70821_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:47

0 "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) экологиялық класс – шығарындылар деңгейіне қарай автокөлік құралдарын сипаттайтын техникалық нормативтерді жіктеу коды;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтері техникалық регламенттің 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес экологиялық кластар бойынша белгіленеді.";
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. 2-экологиялық класта:";
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. 3-экологиялық класта:";
8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. 4-экологиялық класта:";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын;
"4) ең үлкен массасы 3,5 тоннадан жоғары М1, барлық доңғалақтарға жетектің жоғарғы өткізгіштігі, оның ішінде осьтердің бірінің өшірілетін жетегімен, дизелі бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативі БҰҰ ЕЭК № 96-02 ережесінде көзделген шығарындылардың нормативті деңгейінде белгіленеді";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Техникалық регламенттің 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтерінің орындалуын қамтамасыз ететін отын сипаттамасына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық кластар бойынша негізгі техникалық талаптар қойылады.
10. Автокөлік құралдарының техникалық регламенттің 3, 4, 5 және одан жоғары экологиялық кластар бойынша талаптарына сәйкестігі "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысында белгіленген тәртіппен берілетін сәйкестік сертификаттарымен куәландырылады.
Ұсынылатын көлік құралында экологиялық кластарға сәйкес келетін пайдаланылған газдарды бейтараптандыру жүйесінің болуын растау дайындаушы зауыттың сертификаты немесе көлік құралы паспортының түпнұсқасы болып табылады.";
14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтері техникалық регламентке сәйкес мынадай мерзімдерде:
1) 2-экологиялық класс 2009 жылғы 15 шілдеден;
2) 3-экологиялық класс 2013 жылғы 1 қаңтардан;
3) 4-экологиялық класс:
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін автокөлік құралдарына қатысты 2013 жылғы 1 шілдеден;
Қазақстан Республикасында өндірілетін автокөлік құралдарына қатысты 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
15. Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын негізгі техникалық талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай мерзімдерде:
1) 2-экологиялық класс 2010 жылғы 1 қаңтардан;
2) 3-экологиялық класс 2014 жылғы 1 қаңтардан;
3) 4-экологиялық класс 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
16. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарының 2, 3, 4 және 5-экологиялық кластарының талаптарына сәйкестігін растау техникалық регламентке 4-қосымшаны ескере отырып жүзеге асырылады.";
17-тармақ алынып тасталсын;
4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Автокөлік құралдары және іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына байланысты 2, 3, 4 және 5 экологиялық кластар бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2013 жы­л­ғы 6 ақ­пан­да­ғы
№ 97 қа­улы­сы­на
қо­сым­ша
Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
4-қо­сым­ша
Автокөлік құралдары және іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына байланысты 2, 3, 4 және 5 экологиялық кластар бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры және (неме­се) олар­дың қоз­ғалт­қы­шта­ры шы­ға­ры­л­ған ел
Эко­ло­ги­я­лық кла­стар та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін кө­лік құ­рал­да­ры­ның шы­ға­ры­л­ған жыл­да­ры
2-класс
3-класс
4-класс
5-класс
Еуро­па­лық Од­ақ­қа кі­ре­тін, бен­зин қоз­ғалт­қы­шта­ры
1997-2000
2001-2004
2005 –
та­мыз 2009
М1-3 са­на­ты,
N1 – 2009 қыр­күй­е­гі және кей­і­ні­рек
N2 са­на­ты – 2010 қыр­күй­е­гі және кей­і­ні­рек
N3 са­на­ты – 2008 қа­зан және кей­і­ні­рек
Еуро­па­лық Од­ақ­қа кі­ре­тін, ди­зель­дер
1997-2001
2002-2004
2005 – та­мыз 2009
М1-3 са­на­ты,
N1 – 2009 қыр­күй­е­гі және кей­і­ні­рек
N2 са­на­ты – 2010 қыр­күй­е­гі және кей­і­ні­рек
N3 са­на­ты – 2008 қа­зан және кей­і­ні­рек
АҚШ
1996-2000
2001-2005
2006 және кей­і­ні­рек
-
Жа­по­ния
1998-2004
2005-2010
2010 және кей­і­ні­рек
-
Ка­на­да
2001-2003
2004
-
-
Үн­ді­стан
2005-2009
2010
-
-
Ма­лай­зия
2003
-
-
-
Қы­тай
2004-2007
2008
М3 са­на­ты – 2012 қаң­тар және кей­і­ні­рек
-
Ко­рея
2001-2002
2003-2005
2006 және кей­і­ні­рек
Ре­сей
2006-2007
2008-2009
2010
-
Өзбек­стан
2007-2009
-
-
-
Бе­ла­русь
2007
2008
-
-
Укра­и­на
М са­на­ты - 2006
-
-
-
N са­на­ты - 2007
Ескертпе:
Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония кіреді;
осы қосымша сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдардың сәйкестікті растау рәсімдерін өткізген кезде қолданылады.

Қолданыстағы