О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1395 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности в сфере использования космического пространства"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1395 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности в сфере использования космического пространства"
- Атауы (қаз.)
- "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1395 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22
- Қабылданған күні
- 11.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2013 AI62748_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000022
- ЭКБ идентификаторы
- 62748
- Редакция идентификаторы
- AI62748_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:23
0 "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1395 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1395 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 643-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
3 Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 11 қаңтардағы
№ 22 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1395 қаулысымен
бекітілген
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1 1) дара кәсіпкер ретінде ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін - біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің;
заңды тұлға үшін:
тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазулармен немесе шарттармен расталған жоғары білімінің және басшы лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілімен ұйым басшысының;
штатта біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуының;