О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 29 августа 2007 года № 227-ОД "Об утверждении Правил выдачи разрешений на примыкание подъездных путей к магистральным и станционным путям"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 29 августа 2007 года № 227-ОД "Об утверждении Правил выдачи разрешений на примыкание подъездных путей к магистральным и станционным путям"
- Атауы (қаз.)
- "Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздығы N 227-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 63-ОД
- Қабылданған күні
- 26.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2012 AI45030_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005607_
- ЭКБ идентификаторы
- 45030
- Редакция идентификаторы
- AI45030_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:39
0 "Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздығы N 227-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы N 227-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 4979 тіркелген, 2007 жылғы 16 қарашада "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кірме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастыруға рұқсат беру ережесінде:
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган";
5-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) магистральдық темір жол желісі операторының кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат берудің мақсаттылығы (мақсатсыздығы) туралы қорытындысымен кірме жолдарды жалғастыруға арналған техникалық талаптары";
8) тармақша алып тасталсын;
7 және 8-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Кірме жолдарды жалғастырудан бас тартуға:
1) осы Ережеге сәйкес талап етілетін қажетті құжаттарды табыс етпеу немесе толық көлемде табыс етпеу, сондай-ақ табыс етілген құжаттардың осы ереженің 6-тармағының талаптарына сәйкес болмауы;
2) техникалық жағынан жалғастырудың мақсатсыздығы негізі болып табылады.".
2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Г.К. Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
1 1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
___________________ Ә. Құсайынов
2007 жылғы 4 наурыз