О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 ноября 2007 года № 587 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организациях образования, реализующих профессиональные учебные программы технического и профессионального образования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 ноября 2007 года № 587 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организациях образования, реализующих профессиональные учебные программы технического и профессионального образования"
- Атауы (қаз.)
- "Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 289
- Қабылданған күні
- 21.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2013 AI40145_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005225_
- ЭКБ идентификаторы
- 40145
- Редакция идентификаторы
- AI40145_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:26
0 "Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 587 бұйрығына (N 5030 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.";
3-тармақтың бірінші абзацында:
"үшін" деген сөзден кейін "Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 296 қаулысымен бекітілген" деген сөздермен толықтырылсын";
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар азаматтар білім беру ұйымдарына оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін тиісті кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабылданады.";
2-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында;
жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады";
10-тармақ алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, N 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.
Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке ұсынылады.
Оқытудың нысандары бойынша және шарттық (ақылы) негізде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және ескеріледі.
кешенді тестілеу (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан жалпы орта білімді бітірушілер) азаматтар оқуға түсу емтихандарынан босатылады және міндетті түрде 17-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:
жалпы орта, мамандық бейне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
Жоғарғы техникалық мектепке оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 3 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, математика және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі.
Түсу емтихандарының нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.
Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі.
Білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады.
Мамандық бейіні бойынша пәні осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.";
14-тармақтың мазмұны 1, 2 абзацтармен толықтырылсын:
"14. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін азаматтар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандары 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.
Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.";
17-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау конкурстық негізде күндізгі оқу нысанына 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта және жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер ескеріле отырып конкурстық іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.";
17-тармақтың төртінші абзацында "пәннің" деген сөзден кейін "осы Ереженің 12-тармағына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақтың алтыншы абзацында "20 балдан кем" деген сөздерден кейін "медициналық мамандықтар бойынша 30 балдан кем" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақтың жетінші абзацында "30 балдан кем" деген сөздерден кейін "медициналық мамандықтар бойынша 40 балдан кем" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасының мазмұнымен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасының мазмұнымен толықтырылсын.
2 2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ф. Қуанғановқа жүктелсін.
1 Ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандықтар даярлауды жүзеге асыратын мамандықтардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 21 мамырдағы
N 289 бұйрығына бұйрығына
1-қосымша
Ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандықтар даярлауды жүзеге асыратын мамандықтардың тiзбесi
N
Мамандық
топтарының
атауы (шифр)
ҚР Кәсiптiк
бiлiм маман-
дықтарының
(кәсiптерi-
нiң) коды
Бiлiм беру бейні,
мамандықтың атауы
21
02000002
Гуманитарлық
мамандықтары
0201002
Құқық және әлеуметтiк
қамтамасыз етудi ұйымдастыру
0204002
Әлеуметтiк жұмыс
0205002
Құқықтану
22
0300000
Бiлiм беру
мамандықтары
0301002
Мектепке дейiнгi тәрбие
0302002
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
0303002
Математика
0304002
Физика
0305002
Ұйғыр тiлi және әдебиетi
0306002
Қазақ тiлi және әдебиетi
0307002
Мемлекеттiк тiлде оқымайтын
мектептердегi қазақ тiлi
және әдебиетi
0308002
Орыс тiлi және әдебиетi
0309002
Мемлекеттiк тiлде оқымайтын
мектептердегi орыс тiлi және
әдебиетi
0310002
Дене тәрбиесi
0311002
Өмiр сүру қауiпсiздiгi
негiздерi және валеология
0313002
Кәсiптiк оқыту (сала бойынша)
0314002
Бастауыш жалпы білім беру
0315002
Бейнелеу өнерi және сызу
0318002
Технология
0321002
Өзбек тiлi және әдебиетi
0322002
Саздық бiлiм беру
0324002
Білім беру ұйымдарының
лаборанты
23
0400000
Медициналық
мамандықтары
0401002
Емдеу ісі
0402002
Акушерлiк жұмыс
0403002
Гигиена және эпидемиология
0404002
Стоматология
0405002
Ортопедиялық стоматология
0406002
Фармация
0407002
Мейiрбике iсi
0408002
Зертханалық диагностика
0409002
Медициналық оптика
24
0500000
Ветеринария
0501002
Ветеринария
0502002
Зертханалық іс
0503002
Ветеринарлық санитария
25
0700000
Экономикалық
мамандықтар
0705002
Экономика, бухгалтерлiк есеп және аудит (салалар бойынша)
0706002
Тұтыну тауарларының сапасын сараптау
0711002
Коммерция (әр сала бойынша)
0712002
Менеджмент (салалар бойынша)
0713002
Бағалау (салалар және қолдану аймақтары бойынша)
0716002
Банк iсi
0718002
Сақтандыру iсi (салалар бойынша)
26
0800000
Қызмет көрсету
саласы
0829002
Қонақ үйлерде және туристiк
кешендерде қызмет көрсетудi
ұйымдастыру
0831002
Маркетинг (салалар бойынша)
0832002
Аудармашылық ісі
27
3700000
Ақпараттық
технологиялар
3707002
Ақпараттық жүйелер (қолдану облыстары бойынша)
2 Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарында білім алуға түсу емтихандары үшін техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 21 мамырдағы
N 289 бұйрығына бұйрығына
2-қосымша
Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарында білім алуға түсу емтихандары үшін техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі
Коды
Мамандықтың атауы
Бейін пәннің атауы
Негізгі орта
білім
Жалпы орта
білім
0200000 - Гуманитарлық мамандықтар
0201002
Құқық және әлеуметтiк
қамтамасыз етудi
ұйымдастыру
Қазақстан
тарихы
Дүниежүзілік
тарих
0202002
Құқық қорғау қызметi
Қазақстан
тарихы
Дүниежүзілік
тарих
0204002
Әлеуметтiк жұмыс
Қазақстан
тарихы
Дүниежүзілік
тарих
0205002
Құқықтану
Мемлекет негіз-
дері және құқық
Дүниежүзілік
тарих
0206002
Патенттану
Мемлекет негіз-
дері және құқық
Дүниежүзілік
тарих
0300000 - Бiлiм беру мамандықтар
0301002
Мектепке дейiнгi тәрбие
Әдебиет (оқыту
тілдері бойынша)
Биология
0302002
Тәрбие жұмысын
ұйымдастыру
Биология
Биология
0303002
Математика
Математика
Математика
0304002
Физика
Физика
Физика
0305002
Ұйғыр тiлi және әдебиетi
Ұйғыр әдебиеті
Ұйғыр
әдебиеті
0306002
Қазақ тiлi және әдебиетi
Қазақ әдебиеті
Қазақ
әдебиеті
0307002
Ұлттық мектептердегi
қазақ тiлi және әдебиетi
Қазақ әдебиеті
Қазақ
әдебиеті
0308002
Орыс тiлi және әдебиетi
Орыс әдебиетi
Орыс
әдебиетi
0309002
Мемлекеттік емес тілде
оқытатын мектептердегі
орыс тілі және әдебиетi
Орыс әдебиетi
Орыс
әдебиетi
0310002
Дене тәрбиесi (арнайы
оқу орындары үшін) (дене
тәрбиесі оқытушыларын
даярлауды жүзеге асыратын
оқу орындары үшін)
Президенттік
тест
Арнайы емтихан
Президенттік
тест
Арнайы
емтихан
0311002
Өмiр сүру қауiпсiздiгi негiздерi және валеология
Биология
Биология
0313002
Кәсiптiк оқыту (салалар
бойынша)
Математика
Математика
0314002
Бастауыш жалпы білім беру
Математика
Математика
0315002
Бейнелеу өнерi және сызу
1-шығармашылық
емтихан
1-шығармашы-
лық емтихан
0318002
Технология
1-шығармашылық
емтихан
1-шығармашы-
лық емтихан
0321002
Өзбек тiлi және әдебиетi
Өзбек әдебиетi
Өзбек
әдебиетi
0322002
Музыкалық бiлiм беру
1-шығармашылық
емтихан
1-шығармашы-
лық емтихан
0400000 - Медициналық мамандықтары
0401002
Емдеу ісі
Биология
Биология
0402002
Акушерлiк ісі
Биология
Биология
0403002
Гигиена және
эпидемиология
Биология
Биология
0404002
Стоматология
Биология
Биология
0405002
Ортопедиялық стоматология
Биология
Биология
0406002
Фармация
Химия
Химия
0407002
Мейiрбике iсi
Биология
Биология
0408002
Зертханалық диагностика
Биология
Биология
0409002
Медициналық оптика
Биология
Биология
0500000 - Ветеринария
0501002
Ветеринария
Биология
Биология
0502002
Зертханалық іс
Биология
Биология
0503002
Ветеринарлық санитария
Биология
Биология
0700000 - Экономикалық мамандықтар
0701002
Статистика
Математика
Математика
0703002
Қаржы (салалар бойынша)
Математика
Математика
0705002
Экономика, бухгалтерлiк
есеп және аудит (салалар
бойынша)
Математика
Математика
0706002
Тұтыну тауарларының
сапасын сараптау
Химия
Химия
0708002
Биржалық қызмет
Математика
Математика
0711002
Коммерция (салалар
бойынша)
Математика
Математика
0712002
Менеджмент (салалар
бойынша)
Математика
Математика
0713002
Бағалау (салалар және
қолдану аймақтары
бойынша)
Математика
Математика
0716002
Банк iсi
Математика
Математика
0718002
Сақтандыру iсi (салалар
бойынша)
Математика
Математика
0720002
Қаржы және қаржы құқығы
Математика
Математика
0800000 - Қызмет көрсету саласы
0829002
Қонақ ұйлерде және турис-
тiк кешендерде қызмет
көрсетудi ұйымдастыру
Математика
Математика
0831002
Маркетинг (салалар
бойынша)
Математика
Математика
0832002
Аудармашылық ісі
Шетел тілі
Шетел тілі
3700000 - Ақпараттық технологиялар
3707002
Ақпараттық жүйелер (қол-
дану аймақтары бойынша)
Математика
Математика