О внесении дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 ноября 2007 года № 587 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организациях образования, реализующих профессиональные учебные программы технического и профессионального образования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 ноября 2007 года № 587 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организациях образования, реализующих профессиональные учебные программы технического и профессионального образования"
- Атауы (қаз.)
- "Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 466
- Қабылданған күні
- 28.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2013 AI55225_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006585
- ЭКБ идентификаторы
- 55225
- Редакция идентификаторы
- AI55225_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:16
0 "Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5030 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2008 жылғы 27 наурыздағы № 1), мынадай толықтырулар енгізілсін.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде:
11-тармақтағы:
екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке, ата-аналарымен немесе заңды тұлғалармен ұсынылады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар тұратын жерінде тіркелгені туралы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:
шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
босқын - босқынның куәлігі;
паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаңың куәлігі;
оралман - оралман куәлігі немесе көші-қон карточкасы.
Аталған талаптар Консулдық қатынастар туралы және Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес елшіліктер мен консулдықтардың қызметкерлеріне таратылмайды.
Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалар төлқұжат көшірмесін және көші-қон карточканың көшірмесін көрсетеді.».