Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 29 марта 2007 года № 65 "Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения"

Қаулы · № 365 · қабылданған 23.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2007-no-65-ekb-62238/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 29 марта 2007 года № 65 "Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения" Күшін жойған Қаулы ·№ 365 ·23.11.2011
28.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 29 марта 2007 года № 65 "Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения"

Күшін жойған Қаулы ·№ 365 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 29 марта 2007 года № 65 "Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения"
Атауы (қаз.)
Жамбыл облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 наурыздағы "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
365
Қабылданған күні
23.11.2011
Қолданысқа енгізілген күні
21.01.2012
Көрсетілген редакция
28.12.2015 62238_159442.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11G0001801
ЭКБ идентификаторы
62238
Редакция идентификаторы
62238_159442
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:04

0 Жамбыл облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 наурыздағы "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10 бабындағы 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 2011 жылғы 02 қарашадағы № 01-10-03/435 ұсынымы және 2011 жылғы 31 тамыздағы «Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларын жүргізу» 008 бағдарламасы бойынша «Облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарын төлқұжаттандыру мен түгендеу, бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарының жағдайын бағалау ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы» ғылыми есептің негізінде Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1660 болып тіркелген, 2007 жылдың 12 мамырында № 74 «Ақжол» және 2007 жылдың 12 мамырында № 52 «Знамя труда» облыстық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулысымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіндегі:
«Су айдындарының атауы» бағанасы:
1 жол «Ынтымақ, Сасықбай, Тастан, Қарлығаш, Көктал»;
3 жол «Қоралас, Ұзынбұлақ»;
5 жол «Маловодные, Калачевский»;
8 жол «Қопал»;
9 жол «Алтай»;
10 жол «Қарасу көлі» сөздерімен толықтырылсын.
«Су айдындарының атауы» бағанынан:
1 жолдағы «Аяқкөл, Қарабақыр»;
2 жолдағы «Колос тәлім бағы, Каскад Каменное»;
3 жолдағы «Қамыскөл»;
5 жолдағы «Мозговое, 25 км, Аспара Қарабайлама»;
7 жолдағы «Қызыләуіт»;
8 жолдағы «Үйенкікөл»;
9 жолдағы «Қондыбай»;
10 жолдағы «Қасқасу, Алты айғыр» сөздері алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.

Қолданыстағы