О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 29 марта 2007 года № 65 "Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 29 марта 2007 года № 65 "Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения"
- Атауы (қаз.)
- "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облыстық әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 318
- Қабылданған күні
- 27.11.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2015 85005_159444.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14G0002427
- ЭКБ идентификаторы
- 85005
- Редакция идентификаторы
- 85005_159444
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:47
0 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облыстық әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облыстық әкімиятының 2007 жылғы
29 наурыздағы № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1660 болып тіркелген, 2007 жылдың 12 мамырында № 74 «Ақ жол» және № 52 «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіндегі:
1 жолдағы: «18. Сасықбай», «19. Тастан» сөздері алып тасталсын;
1, 7 жолдары сәйкесінше «23. Түймекент», «5. Ащыкөл» сөздерімен толықтырылсын.
2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Қ. Әбдірайымовқа жүктелсін.