Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29 декабря 2008 года № 238 "Об утверждении Правил осуществления деятельности центрального депозитария"

Қаулы · № 122 · қабылданған 26.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2008-no-238/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29 декабря 2008 года № 238 "Об утверждении Правил осуществления деятельности центрального депозитария" Күшін жойған Қаулы ·№ 122 ·26.03.2012
11.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29 декабря 2008 года № 238 "Об утверждении Правил осуществления деятельности центрального депозитария"

Күшін жойған Қаулы ·№ 122 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29 декабря 2008 года № 238 "Об утверждении Правил осуществления деятельности центрального депозитария"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
122
Қабылданған күні
26.03.2012
Көрсетілген редакция
11.04.2016 AI65001_4.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007587
ЭКБ идентификаторы
65001
Редакция идентификаторы
AI65001_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:45

0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ережелердің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) депонент клиенті - номиналды ұстаушы қызметін көрсету туралы олармен жасалған шартқа сәйкес депонент қызметін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
2) есеп айырысу ұйымы - орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша ұлттық валютада (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) және шетел валютасында (Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында және шетелде кастодиандық қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, халықаралық және шетел депозитарийлері және кастодиандар) ақшаны аударуды және есепке алуды жүзеге асыратын ұйым;
3) есепке алу ұйымы – тіркеуші, кастодиан банк, қаржы құралдарын есепке алу үшін орталық депозитарийдің атына жеке шоттар ашылған халықаралық және шетелдік депозитарийлер;
4) қосалқы шот – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын депонентке (депонент клиентіне) немесе ұйымдарға тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған жеке шот шеңберінде ашылатын қосалқы шот;
5) резерв орталығы - орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін құрайтын электронды деректердің сақталуын жүзеге асыратын ұйым;
6) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталық депозитарийдің ұйымдық құрылымына мыналарды жүзеге асыратын жекелеген бөлімшелер енгізіледі:
1) депозитарлық қызмет;
2) қаржы құралдары бойынша кіріс төлеу және оларды өтеу кезінде, сондай-ақ депоненттердің және олардың клиенттерінің ақшасын есепке алу және сақтау үшін ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу барысында қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу үшін ақшаны аудару;
3) мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін және тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу;
4) қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі клиринг қызметі;
5) тәуекелдерді басқару;
6) ішкі бақылау.
Осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген талап орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі клиринг қызметін жүзеге асырған кезде оған таралады.
Осы тармақта көрсетілген бөлімшелердің қызметкерлеріне басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін қоса атқаруға жол берілмейді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орталық депозитарий:
1) рейтингтік агенттіктерді;
2) ақпараттық-талдау қызметін көрсететін ұйымдарды;
3) орталық депозитарийдің қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды;
4) тіркеушіні;
5) клиринг немесе есеп айырысу ұйымдарын (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) қоспағанда, заңды тұлғалардың құрылуына және қызметіне қатыспайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Орталық депозитарий тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
4-2. Орталық депозитарий мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді орталық депозитарий ережелерінің жинағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесін жасауды және оларды сақтауды күн сайын жүзеге асырады.
Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғалуға жатады және оларды жаңартылған резервтік көшірмелермен ауыстырғанға дейін сақталады.
Резервтік көшірмелерді сақтау резерв орталығында не сейфтік операцияларды жүзеге асыруға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясын иеленген ұйымда ақпараттың сыртқы тасымалдауыштарында жүзеге асырылады.
Резервті көшірмелерді сақтау шартын жасаған (бұзған) күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орталық депозитарий бұл туралы уәкілетті органға шарт жасаған (бұзған) ұйымның атауын, сондай-ақ шарт жасалған күн мен оның нөмірін көрсете отырып хабарлайды.»;
2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Депозитарлық қызмет көрсету шарты және банк шотының шарты»;
«3. Орталық депозитарийдің депозитарлық қызметі»;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шоттар мынадай заңды тұлғаларға ашылады:
1) бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның берген лицензиясына ие;
2) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның берген лицензиясына ие;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;
4) бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның берген лицензиясына ие;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясыз дилерлік қызметті жүзеге асырушыларға;
6) шетел депозитарийлері мен кастодиандарға.
Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жоғарыда аталған заңды тұлғаларға бір ғана жеке шот ашылады.
12. Осы Ереженің 11-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың жеке шоттарында атына осы жеке шот ашылған орталық депозитарий клиентіне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған бір ғана қосалқы шот ашылады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді тіркеу жөніндегі операцияларды және ақпараттық операцияларды осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың, сауда-саттықты ұйымдастырушының немесе клиринг ұйымының тиісті бұйрықтары негізінде жүзеге асырады. Ақпараттық операциялар орталық депозитарийдің ережелер жиынтығында көзделген жағдайларда депонент клиенттерінің бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады.»;
4-тарау алып тасталсын.

2

2. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде ережелер жиынтығын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне келісуге ұсынсын.

3 3. Осы қаулы, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесінші - он екінші, отыз үшінші - отыз жетінші, елу үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы