О внесении дополнений в совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 29 января 2008 года № 31-ОД и Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 марта 2008 года № 116 "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) портов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 29 января 2008 года № 31-ОД и Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 марта 2008 года № 116 "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) портов"
- Атауы (қаз.)
- "Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2008 жылғы 13 наурыздағы № 116 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 165
- Қабылданған күні
- 08.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2020 99287_462526.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013131
- ЭКБ идентификаторы
- 99287
- Редакция идентификаторы
- 99287_462526
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:36
0
«Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2008 жылғы 13 наурыздағы № 116 бірлескен бұйрығына толықтырулар
енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңы 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2008 жылғы 13 наурыздағы № 116 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5186 болып тіркелген, 2008 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінде № 4 жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
бірлескен бұйрықпен бекітілген Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 9, 10 және 11 тармақтармен толықтырылсын:
«9. Теңіз портының күштері мен құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары.
10. Теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру.
11. Кемелерді лоцмандық алып өту қызметтері.».
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бірлескен бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.