Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2008 года № 40 «Об утверждении Правил об исчислении заработной платы работников государственных организаций образования, финансируемых за счет средств бюджета»

Бұйрық · № 315 · қабылданған 03.07.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2008-no-40-ekb-114198/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2008 года № 40 «Об утверждении Правил об исчислении заработной платы работников государственных организаций образования, финансируемых за счет средств бюджета» Күшін жойған Бұйрық ·№ 315 ·03.07.2017
11.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2008 года № 40 «Об утверждении Правил об исчислении заработной платы работников государственных организаций образования, финансируемых за счет средств бюджета»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 315 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2008 года № 40 «Об утверждении Правил об исчислении заработной платы работников государственных организаций образования, финансируемых за счет средств бюджета»
Атауы (қаз.)
«Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
315
Қабылданған күні
03.07.2017
Көрсетілген редакция
11.05.2020 114198_466829.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015492
ЭКБ идентификаторы
114198
Редакция идентификаторы
114198_466829
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:36

0 «Бюджет қаражаты есебінен

қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5148 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 13 наурыздағы №38 (1264) санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 40-2-тармақпен толықтырылсын:
«40-2. APTIS, IELTS, TOEFL, жүйелерінің бірінен B1-Intermediate,
B2-Upper-Intermediate, C1-C2-Advanced деңгейлері бойынша тестілеуден өткендігі туралы сертификат пен дипломның қосымшасына сәйкес ағылшын тілінде пәндерді оқытуға мүмкіндік беретін тілдік құзыреттілігіне ие және ағылшын тілінде физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақыдан 200 % көлемінде қосымша ақы төлеу жүргізіледі. Қосымша ақы төлеу 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап жүргізіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
_____________Т. Дүйсенова
2017 жылғы «___»___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________Б. Сұлтанов
2017 жылғы «___»___________

Қолданыстағы