О внесении изменения и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2008 года № 40 "Об утверждении Правил исчисления заработной платы работникам государственных организаций образования, финансируемых за счет средств бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2008 года № 40 "Об утверждении Правил исчисления заработной платы работникам государственных организаций образования, финансируемых за счет средств бюджета"
- Атауы (қаз.)
- "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 40 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 313
- Қабылданған күні
- 02.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2020 74322_466821.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008651
- ЭКБ идентификаторы
- 74322
- Редакция идентификаторы
- 74322_466821
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:34
0 "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 40 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 22 ақпанда № 5148 тіркелген, 2008 жылы 13 наурыздағы № 38 (1264) «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесінде:
40 40-тармақ мынадай мазмұндағы 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
15 «15) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлеріне өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін;
16 16) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының оқу бағдарламалары бойынша біліктіліктерін арттырудан өткен бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мұғалімдерінің біліктілік деңгейі үшін».»;
45 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
45
«45. Қосымшаақы мен үстемеақының барлық түрлері ғылыми дәрежесі үшін, түнгі уақыттағы, мерекелік және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін, сабақтан тыс жұмыстары үшін, радияциялық қауіпті аумақтарда және экологиялық апат аймақтарында тұрғаны, біліктілік деңгейі үшін төленетін қосымшаақыны қоспағанда, сонымен қатар лауазымдық жалақысынан (лауазымдық қызметақыдан) жүргізіледі.».
2 2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):
1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрықтың 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші бөлігін, 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бесінші және жетінші бөліктерін қоспағанда, ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
___________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы 2 тамыз