О внесении изменений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 29 октября 2008 года № 427 «Об утверждении объема испытаний объектов области аккредитации, подлежащего обеспечению испытательной лабораторией органа по подтверждению соответствия»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 29 октября 2008 года № 427 «Об утверждении объема испытаний объектов области аккредитации, подлежащего обеспечению испытательной лабораторией органа по подтверждению соответствия»
- Атауы (қаз.)
- «Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 144
- Қабылданған күні
- 23.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2021 137737_528692.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019794
- ЭКБ идентификаторы
- 137737
- Редакция идентификаторы
- 137737_528692
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:13
0 «Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Сәйкестікті растау үшін органның сынақ зертханасы ұсынатын аккредиттеу аймағының объектілерін сынау көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы
№ 427 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5353 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 қарашада № 180 (1580) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасын қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілерді сынау көлемі:
1) 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті, 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті, 025/2012 «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен бекітілген «Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті үшін жүз пайыз;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы
№ 1202 қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
22 желтоқсандағы № 1198 қаулысымен бекітілген «Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулысымен бекітілген «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1353 қаулысымен бекітілген «Металл конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті үшін жетпіс пайыз;
3) осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларына енгізілмеген техникалық регламенттер үшін елу пайыз мөлшерінде белгіленсін;»
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласының меншікті сынақ зертханасымен қамтамасыз етілуін есептеу кезінде анықтау үшін сынақ жабдығы қажет объектілердің сипаттамаларын (көрсеткіштерін) ескеру қажет.».