О внесении изменений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 29 октября 2008 года № 430 «Об утверждении форм документов аккредитации в области оценки соответствия и типовых форм предаккредитационного, постаккредитационного договоров»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 29 октября 2008 года № 430 «Об утверждении форм документов аккредитации в области оценки соответствия и типовых форм предаккредитационного, постаккредитационного договоров»
- Атауы (қаз.)
- «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 226-НҚ
- Қабылданған күні
- 28.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2025 212790_768542.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036520
- ЭКБ идентификаторы
- 212790
- Редакция идентификаторы
- 212790_768542
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:05
0 «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5356 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қосымша:___________________________________________________
(менеджмент жүйесінің құжаттары және басқалар, оның ішінде оларды орындау жөніндегі дәлелдер қоса беріледі)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтінімді қағаз жеткізгіште берген кезде:
(мөр орны) ______________________
(қолы, лауазымы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)
20__ жылғы «__» ______
Электрондық нысанда өтінім беру кезінде:
Өтінім беруші 20__ жылғы «__» ______ __:__ сағатта қол қойып берді.
Өтінім берушінің электронды цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректер: _______
Өтінім берушінің ЭЦҚ қол қойған күні мен уақыты: ___
Өтінімнің ақпараттық жүйеде автоматтық тіркелуі туралы хабарлама:
20__ жылғы «__» ______ __:__ сағатта қабылданды.»;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
аккредиттеу алдындағы үлгілік шартының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«_____________ 20__жылғы «____»_________________
(жасалған орны)
_______________________________________________________________,
(заңды тұлғаның толық атауы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ______________________ қаулысына сәйкес ______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының күні мен нөмірі)
аккредиттеу жөніндегі орган айқындаған, бұдан әрі «Аккредиттеу жөніндегі орган»
деп аталып, ________________ негізінде әрекет ететін _________________
(құжат атауы)
_______________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
атынан бір тараптан және _____________________________________,
(өтінім берушінің атауы)
бұдан әрі «Өтінім беруші» деп аталып _______________________________
(құжат атауы)
негізінде әрекет ететін ____________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
атынан екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталып, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, мына төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:»;
2.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1. Өтінім беруші:
1) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті мәліметтерді қамтитын аккредиттеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) сараптау нәтижелері бойынша техникалық реттеу ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) сарапшы-аудитор қорытындысын алуға;
2) орналасқан жерінде тексеріп қарау нәтижелері бойынша тексеріп қарау жөніндегі топ есебін алуға;
3) орналасқан жерінде тексеріп қарау нәтижелері бойынша, тиісті себептері бар болған жағдайда, жазбаша не ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда жіберген сәйкессіздікті жою мерзімін ұзарту, бірақ 2 (екі) айдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы Аккредиттеу жөніндегі органға жүгінуге;
4) орналасқан жерінде тексеріп қарау нәтижесі бойынша, тексеріп қарау туралы есепті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Аккредиттеу жөніндегі органға атқарылған жұмыстар бойынша өз ескертулерін жазбаша түрде беруге;
5) Аккредиттеу жөніндегі органға оның қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдануға;
6) Аккредиттеу жөніндегі органның бас тарту туралы шешіміне апелляция жөніндегі комиссияға шағымдануға;
7) даулар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сотқа дейінгі рәсімдер жүргізілгеннен кейін сотқа жүгінуге;
8) кез келген уақытта бір жақты тәртіппен бұл туралы Аккредиттеу жөніндегі органға шартты бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабарлай отырып, Шартты бұзуға;
9) аккредиттеуден бас тартылған жағдайда, ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште дәлелді шешімін алуға құқылы.»;
2.5-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) аккредиттеуден бас тартылған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өтінім берушіге ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште дәлелді бас тартуды жолдауға;»;
4.4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4.4. Өтінім беруші Аккредиттеу жөніндегі органға ұсынылған өтінімдегі деректердің анықтығы мен өзектілігі үшін жауапты болады.»;
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:
аккредиттеуден кейінгі үлгілік шартының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«__________________ 20__жылғы «___» __________
(жасалған орны)
_____________________________________________________________,
(заңды тұлғаның толық атауы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің _______________________________
__________________________________________________ қаулысына сәйкес
(Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының күні мен нөмірі) аккредиттеу
жөніндегі органмен айқындалған, бұдан әрі «Аккредиттеу жөніндегі орган»
деп аталып, ___________________________________ негізінде әрекет ететін
_______________________________________________________________
(құжат атауы)
_______________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
атынан бір тараптан және ____________________________________,
(аккредиттеу субъектінің толық атауы)
бұдан әрі «Аккредиттеу субъекті» деп аталып ________________________
(құжат атауы)
негізінде әрекет ететін ___________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атынан екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталып, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және
_______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңнамасының атауы)
сәйкес төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:»;
2.1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Аккредиттеу жөніндегі органға қағаз жеткізгіште не техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі-ақпараттық жүйе) арқылы электрондық нысанда аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын өзектілендіру, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу және қолданылуын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Аккредиттеу жөніндегі органға жүргізілген жұмыстар бойынша өз ескертулерін ұсынуға;»:
2.2-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Шартқа қосымша келісімдерге қол қоюға не субъект аккредиттеуді алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде дәлелді бас тартуды ақпараттық жүйеде келісімге жолдауға;».
2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі