О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года № 792 «Об утверждении Правил ведения республиканского реестра племенных животных»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года № 792 «Об утверждении Правил ведения республиканского реестра племенных животных»
- Атауы (қаз.)
- «Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 282
- Қабылданған күні
- 21.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2024 199987_716847.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034972
- ЭКБ идентификаторы
- 199987
- Редакция идентификаторы
- 199987_716847
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:01
0 «Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімі (бұдан әрі – республикалық тізілім) – асыл тұқымды жануарлардың саны, тұқымдары, өнімділік бағыттары бойынша деректер жиынтығы;
2) асыл тұқымды жануар – тұқым стандартына сай келетін және Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген таза тұқымды жануар.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Республикалық палаталар асыл тұқымды жануар мәртебесін беруді есепке алу журналының деректері негізінде «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32424 болып тіркелген) бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды (бұдан әрі – әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар) толтырады.».