О внесении дополнений в постановление от 29 января 2009 года № 1302 "Об организации оплачиваемых общественных работ по городу Риддеру на 2009 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление от 29 января 2009 года № 1302 "Об организации оплачиваемых общественных работ по городу Риддеру на 2009 год"
- Атауы (қаз.)
- "2009 жылға Риддер қаласы бойынша төлемақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 1302 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 202
- Қабылданған күні
- 28.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2010 AI48838_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VD000120
- ЭКБ идентификаторы
- 48838
- Редакция идентификаторы
- AI48838_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:09
0 "2009 жылға Риддер қаласы бойынша төлемақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 1302 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралары туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысы, халықты жұмыспен қамту саясаты жұмыстарын қарқынды жүргізу мақсатында, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Риддер қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 1302 «2009 жылға Риддер қаласы бойынша төлемақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін (нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2009 жылдың 17 ақпанында № 5-4-108 тіркелген, 2009 жылдың 06 наурызында № 10 «Вечерка» газетінде жарияланған):
осы қаулының № 1 қосымшасында көрсетілген Риддер қаласы бойынша 2009 жылғы ұйымдастырылатын қосымша төлемақылы қоғамдық жұмыстар кәсіпорындар, мекемелер, акционерлік қоғамдар, бірлестіктер және жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктердің қосымша тізімдемесі толықтырылсын (№ 1 қосымша);
осы қаулының № 2 қосымшасында көрсетілген Риддер қаласы бойынша 2009 жылғы төлемақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерінің қосымша тізімі енгізілсін (№ 2 қосымша);
осы қаулының № 3 қосымшасында көрсетілген Риддер қаласы бойынша 2009 жылғы төлемақылы қоғамдық жұмыстардың шарттары және көлемінің қосымша тізімі енгізілсін (№ 3 қосымша).
2 2. Қаулының орындалуын қадағалау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Р.В. Дюсебаеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеу күнінен кейін күшіне енеді, оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн арасында қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 01 тамызынан бастап пайда болған қатынастарға тарайды.
4 2009 жылы Риддер қаласы бойынша төлемақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар, мекемелер, акционерлік қоғамдар, қоғамдық бірлестіктер және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қосымша тізімі
2009 жылғы 28 қазандағы № 202
Риддер қаласы әкімдігінің қаулысына
№ 1 қосымша
2009 жылы Риддер қаласы бойынша төлемақылы қоғамдық жұмыстар
ұйымдастырылатын кәсіпорындар, мекемелер, акционерлік қоғамдар,
қоғамдық бірлестіктер және жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің қосымша тізімі
№
р/р
Жұмыс берушінің атауы
Қоғамдық
жұмыс-
тардың
түрлері
Қатысушы-
лар саны
Қаржыландыру көздері
Еңбек
ақы
мөлшері
теңге
бар-
лық
адам
соның
ішін-
де
ауыл
Бюджет
жұмыс беру-
ші
1
2
3
4
5
6
7
8
1
"Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасы" діни
бірлестігінің филиалы
"Дінмұхаммед Қонаев"
мешіті
қаулыға
№ 2, 3
қосымша
2
15661-00
15661-00
2
Мемлекеттік Мекеме
"Риддер қаласының
мәслихат аппараты"
қаулыға
№ 2, 3
қосымша
1
15661-00
15661-00
3
Республикалық "Отан"
қоғамдық бірлестігінің
Риддер қалалық кеңесі-
өкілдігі
қаулыға
№ 2, 3
қосымша
1
15661-00
15661-00
4
Шығыс Қазақстан
облысының әкімдігі
Денсаулық сақтау
басқармасының "Риддер
қаласының
психоневрологиялық
диспансері" мемлекеттік
мекемесі
қаулыға
№ 2, 3
қосымша
1
15661-00
15661-00
Барлығы
5
Риддер қаласы әкімі
аппаратының жетекшісі Е.А. Сембинов
5 2009 жылға Риддер қаласы бойынша төленетін қоғамдық жұмыс түрлерінің тізімі
2009 жылғы 28 қазандағы № 202
Риддер қаласы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген № 2 қосымша
2009 жылға Риддер қаласы бойынша төленетін қоғамдық жұмыс
түрлерінің тізімі
1 1. Риддер қаласының азаматтарының тұратын орнын тіркеу бойынша құжаттарды рәсімдеу бойынша әділет органдарына көмек көрсету.
Риддер қаласы әкімі
аппаратының жетекшісі Е.А. Сембинов
7 2009 жылға Риддер қаласы бойынша төлемақылы қоғамдық жұмыстардың шарттары мен көлемінің қосымша тізімі
2009 жылғы 28 қазандағы № 202
Риддер қаласы әкімдігінің
қаулысына № 3 қосымша
2009 жылға Риддер қаласы бойынша төлемақылы қоғамдық
жұмыстардың шарттары мен көлемінің қосымша тізімі
1 1. "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы" діни бірлестігінің филиалы "Дінмұхаммед Қонаев" мешіті.
Жұмыс шарты:
Жұмыс күнделікті сағат 8-00 ден 17-00 ге дейін.
Жұмыс аптасының жалғасуы – 5 күн.
Жұмыстың көлемі мен түрлері:
мешіттің аумағын тазалау бойынша жұмыс;
мешіттің ғимаратын тазалау бойынша жұмыс.
2 2. "Риддер қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі.
Жұмыс шарты:
Жұмыс күнделікті сағат 9-00 ден 17-30 ге дейін.
Жұмыстың көлемі мен түрлері:
құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыс.
3 3. Риддер қалалық кеңес-өкілдерінің "Отан" республикалық қоғамдық бірлестігі.
Жұмыс күнделікті сағат 8-00 ден 17-00 ге дейін.
Жұмыс аптасының жалғасуы – 5 күн.
Жұмыстың көлемі мен түрлері:
белгіленген аймақты және қосалқы жұмыстарды тазалау бойынша жұмыстар.
4 4."Риддер қаласының психоневрологиялық диспансері" мемлекеттік мекемесі ШҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы.
Жұмыс шарты:
Жұмыс күнделікті сағат 8-00 ден 17-00 ге дейін.
Жұмыс аптасының жалғасуы – 5 күн.
Жұмыстың көлемі мен түрлері:
белгіленген аймақты тазалау және жабдықтау бойынша жұмыстар.
5 5. "Риддер қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Жұмыс шарты:
Жұмыс күнделікті сағат 8-00 ден 17-00 ге дейін.
Жұмыс аптасының жалғасуы – 5 күн.
Жұмыстың көлемі мен түрлері:
патрульдық полицияның кавалериялық бөлімшесіне аттарға қарау бойынша жұмыс.
Риддер қаласы әкімі
аппаратының жетекшісі Е.А. Сембинов