О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 29 января 2009 года № 14/6-IV «О корректировке базовых ставок земельного налога на основании зонирования земель для целей налогообложения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 29 января 2009 года № 14/6-IV «О корректировке базовых ставок земельного налога на основании зонирования земель для целей налогообложения»
- Атауы (қаз.)
- «Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы» 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-IV Риддер қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36/9-V
- Қабылданған күні
- 14.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2020 92815_498648.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VD004087
- ЭКБ идентификаторы
- 92815
- Редакция идентификаторы
- 92815_498648
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:08
0 «Салық салу мақсаттары үшін жерлерді
зоналау негізінде жер салығының
базалық ставкасын түзету туралы»
2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-IV
Риддер қалалық мәслихатының
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), Кодексінің 387 - бабының 1 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-IV «Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-106 тіркелген, «Лениногорская правда» газетінінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешім кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), Кодексінің 387 - бабының 1 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»;
2 тармағы алынып тасталсын;
3 тармағы алынып тасталсын.