Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в решение маслихата города Астаны от 29 января 2009 года № 184/30-IV "О схеме зонирования земель для целей налогообложения и процентах повышения (понижения) базовых ставок земельного налога"

Өзге акт · № 268/39-IV · қабылданған 06.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2009-no-18430-iv/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении дополнения в решение маслихата города Астаны от 29 января 2009 года № 184/30-IV "О схеме зонирования земель для целей налогообложения и процентах повышения (понижения) базовых ставок земельного налога" Күшін жойған Өзге акт ·№ 268/39-IV ·06.11.2009
06.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в решение маслихата города Астаны от 29 января 2009 года № 184/30-IV "О схеме зонирования земель для целей налогообложения и процентах повышения (понижения) базовых ставок земельного налога"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 268/39-IV · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в решение маслихата города Астаны от 29 января 2009 года № 184/30-IV "О схеме зонирования земель для целей налогообложения и процентах повышения (понижения) базовых ставок земельного налога"
Атауы (қаз.)
Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 184/30-ІV "Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
268/39-IV
Қабылданған күні
06.11.2009
Көрсетілген редакция
06.12.2012 AI49377_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09A000601_
ЭКБ идентификаторы
49377
Редакция идентификаторы
AI49377_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:04

0 Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 184/30-ІV "Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 387-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 184/30-IV "Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 5 наурызда N 565 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 наурызда N 29-30 "Вечерняя Астана", 2009 жылғы 12 наурызда N 27 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

2 2-тармақ келесі мазмұндағы екінші азат жолмен толықтырылсын:

"Көрсетілген жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары автотұрақтарға және жанармай құятын станцияларға бөлінген жер учаскелеріне таралмайды.".

2 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы                         А. Бұлашев
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

Қолданыстағы